Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Республикада 56 мың отбасы азық-түлік себеттерімен қамтамасыз етілді

AstanaTV
20.04.2020ж. 20:00
2286
Республикада 56 мың отбасы азық-түлік себеттерімен қамтамасыз етілді

Бүгінгі күні республикада 56 мың отбасы, азық-түлік себеттерімен қамтамасыз етілді. Дегенмен «Biz birgemiz» акциясы мамырдың 1-не дейін жалғасады. Мәселен бүгін елордалық еріктілер 300 отбасына арнайы себеттерді табыстады. 10 күнде 5 мың отбасыға жеткізуді көздеп отыр. Сондай-ақ қауіпсіздік мақсатында маска да таратылып жатыр. Толығырақ, келесі бейнематериалда.

Дәл осылай елордалық 100-ге жуық ерікті 300-ден астам отбасыға азық-түлік себеттерін табыстады. Сондай-ақ әр отбасыға 50 данадан медициналық маска жеткізіп берді. Орта буын өкілдері алғысын білдіріп жатса, егде жастағылар бата да берді.

«Biz birgemiz» акциясы басталғалы жалпы республика бойынша 56 мың отбасы қажетті азық-түлікпен қамтамасыз етілген. Осы мақсатта 3 мың ерікті жұмылдырылған.

Елнұр БЕЙСЕНБАЕВ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ "JAS OTAN" ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

10 күннің ішінде5 мыңнан астам Нұр-Сұлтан қаласындағы әлеуметтік осал топтағы отбасыларға біз осындай азық-түлік себеттерін таратамыз. Сонымен қатар масканы екінші нүктеден таратып жатырмыз. Бүгін 1200 отбасыға маска жеткіземіз.

Азық-түлік және маска тарату акциясы мамырдың біріне дейін жалғасады. Сондай-ақ бүгінгі күні «Birgemiz» қорынан республика бойынша 150 мыңнан астам отбасыға 50 мың теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілуде.

Ә. Өмірзақ