Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Республикалық «Біз Біргеміз!» шарасы жалғасуда

AstanaTV
20.04.2020ж. 20:00
2431
Республикалық «Біз Біргеміз!» шарасы жалғасуда

Алматыда бір аптада 450 мың медициналық бетперде таратылды. Әлеуметтік аз қамтылғандарға көмек әлі жалғасуда. Бүгін Әуезов ауданындағы 6 мыңға жуық отбасына 300 мың бетпердені тегін тарату басталды. Күніне шамамен он мыңнан аса бетперде жеткізуді жоспарлап қойған. Жалпы, қала бойынша 9 мың отбасы «Нұр Отан» партиясының аталған көмегін алып үлгерді. 

Найля ОРДАБАЕВА, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ӘУЕЗОВ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Біздің аудан бойынша күн сайын 10 мың маскадан берудеміз. Енді тырысамыз, уақытымен, жедел біздің көмекке мұхтаж адамдарға уақтылы жеткізуге.

Республикалық «Біргеміз!» қорынан бөлінген 2 миллион медициналық бетпердені, зәру тұрғындарға жеткізу жұмыстары Медеу ауданында да қолға алынған. Мұнда 4 мың отбасы осындай қолдауға ие болмақ. Осыған дейін 2 мың отбасы тегін азық-түлік себеті және санитарлық жиынтықпен қамтылған болатын. Айта кетейік, бетперделер әлеуметтік аз қамтылған, көп балалы, мүгедектер және мүгедек жанды асырап отырған отбасыларға тегін беріледі.

Айдос НҰРЛЫБАЕВ, МЕДЕУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Біздің тұрғындар осы акцияның барысында көптеген алғыстарын білдіруде, жақсы лебіздерін білдіруде. Осы карантин кезінде ең керекті осы бетперде, қазір екінің біріне қолжетімсіз. Сондықтан осы Нұр Отан партиясының бастамасы дұрыс, деп есептейміз.

А. Кемелжан