Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Әлемде коронавирустан қаза тапқандар саны 170 мыңнан асты

AstanaTV
21.04.2020ж. 20:00
2241
Әлемде коронавирустан қаза тапқандар саны 170 мыңнан асты

Әлемде коронавирустан қаза тапқандар саны 170 мыңнан асты. Америкалық Джонс Хопкинс университетінің ақпараты осындай. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл цифр әлі өсуі мүмкін деп қауіптенеді.

Тедрос ГЕБРЕЙСУС, ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЙЫМЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Алдағы уақытта жағдай мүлде ушығуы мүмкін. Вируспен күресте жеңіске жету тек өзімізге байланысты. Көбі әлі де індеттің қауіптілігін түсінбейді. Бізге ұлттық бірлік және жаһандық ынтымақтастық қажет.

АҚШ-та вирусты жұқтырғандар саны 780 мыңға жетті. Оның 40 мыңы көз жұмды. Басым бөлігі Нью-Йорк қаласында. Калифорниядағы жағдай да оңалмай тұр. Дәрігерлер шын мәнінде індетке шалдыққандар саны 40 есе көп дейді. Ресми деректе олардың саны 12 мың 600 деп көрсетілген. Ал, кәрі құрлықта жұқпа жұқтырғандар мен көз жұмғандар саны азайған. Германияда да соңғы тәулікте жұқтырғандарға қарағанда, сауыққандар көбейіпті. Билік шағын және орта бизнес нысандарының жұмысын жалғастыруға рұқсат берді. Себебі пандемия салдарынан кәсіпкерлер дағдарысқа ұшырау алдында тұр. Дегенмен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ерте шешім қабылдамауға шақырады. Өйткені олар вирустың қайта бас көтеруінен қауіптенеді. Жалпы бүгінгі күні әлемде індетті жұқтырғандар саны 2 жарым миллионға жуықтады.

Ә. Өмірзақ