Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қатысты тағы да үндеу жолдайды

AstanaTV
21.04.2020ж. 20:00
8532
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қатысты тағы да үндеу жолдайды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев келесі аптада халыққа тағы да үндеу жолдайтын болды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады. Ол жуырда Төтенше жағдай режимінің ұзартылуына қатысты тиісті шешім қабылданатындығын жеткізді. Сонымен қатар, індетпен күрестен кейінгі, елді күтіп тұрған экономикалық дағдарысқа қарсы стретегиялық жоспар құрылып жатқанын айтты. Бұдан бөлек, Денсаулық сақтау және білім салалары үлкен өзгеріс күтіп тұр, деді. Сондай-ақ, Президент аймақтардағы көктемгі егіс науқаны мен су тасқынын да бақылауда ұстап отырғанынан құлағдар етті.

А. Мүтәлі