Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Нұротандықтар сауда орындарындағы азық-түлік бағасын бақылауға алды

AstanaTV
21.04.2020ж. 20:00
1820
Нұротандықтар сауда орындарындағы азық-түлік бағасын бақылауға алды

«Nur Otan» партиясының Қызылорда облыстық филиалы телеграмм каналынан арнайы бот ашты. Мақсат азық-түлік бағасын бақылау. Енді кез-келген жергілікті тұрғын баға өскенін байқаған сәтте жедел хабар бере алады. Бүгін аймақтағы партиялықтар белгіленген шекті бөлшек сауда бағалары қаншалықты сақталып жатқанын білу үшін, әрі санитарлық жағдайды қадағалау мақсатында сауда орындарын аралады. Ірі сауда орындарына қарағанда, кішігірім дүкендерде азық бағасы 20 пайызға қымбат саудаланып жатқанына көз жеткізді.

Аида ӘБИБУЛЛАЕВА, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ҚО ФИЛИАЛЫ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ:

Кейбір сауда дүкендері, әсіресе кішігірім сауда дүкендері белгіленген шекке қарамастан ойына келген бағаны қойып отырғаны фактілері орын алды. Ал үлкен сауда орындарында барлығында тәртіп бар, талапқа сәйкес келеді. Санитарлық талаптарға сәйкес болу көбінесе үлкен сауда орындарында жақсы, қатан сақталған. Ал кішігірім сауда орындарында дүкен сатушылары, мысалы, қолдарына қолғаптарын киіп жұмыс істеу анда-санда кездестік.

Сонымен қатар, сауда орындарында қиярдың бағасы да көңілге қонымсыз. Жергілікті кәсіпкер өзінің жылыжайдағы қиярының келісін 250 теңгеден күніне 5 тонна қалаға жөнілтіп отырғаны белгілі болды. Ал, сауда дүңгіршектерінде 500 тіпті 600 теңгеден сатылуда. Сонымен қатар, бірнеше дәріханаларда медициналық бетперде тапшылығы бар екенін анықталған. Келеңсіздіктерді жіпке тізген, партиялық бақылау комиссиясы енді мәселені шешуге ат салыспақ.

Ш. Сактапова