Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Алматылық еріктілер «Біз Біргеміз!» шарасына ат салысуда

AstanaTV
21.04.2020ж. 20:00
4470
Алматылық еріктілер «Біз Біргеміз!» шарасына ат салысуда

Елбасының бастамасымен құрылған Республикалық «Біргеміз» қорынан бөлінген медициналық бетперделерді, Алматыда 200 ерікті діттеген жерге жеткізіп жүр. Олар 120 көлікпен қамтылған. Күніне 8 аудан бойынша, 10 сағат бойы бетперде таратады. Бостандық ауданында игі басталды. Алдағы бес күнде 5 мың медициналық маска мұқтаж жандарға жеткізілмек.  Аудан бойынша 6 мың отбасы аталған көмек алатындардың тізіміне іліккен. Яғни, оларға 300 мың медициналық бетперде таратылады. Негізінен әлеуметтік аз қамтылған, көп балалы және мүгедектер мен мүгедек баласы бар отбасылар.

Маржан БАЛБАЕВА, БОСТАНДЫҚ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Ауданнан 10 көлік бөлдік. Сол 10 көлік ертеңнен кешке дейін 10 сағат істейді. Енді 10-15 күнде таратып бітеміз деген ойымыз бар. Еріктілер осы біздің аппараттың азаматтары, аудандық әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен келді. Сосын мен көмектесейін деген азаматтар бар ішінде.

А. Кемелжан