Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Экономиканы қалпына келтіру бағдарламасын бастау қажет, - Н. Назарбаев

AstanaTV
24.04.2020ж. 20:00
1725
Экономиканы қалпына келтіру бағдарламасын бастау қажет, - Н. Назарбаев

Экономиканы қалпына келтіру бағдарламасын бастау қажет. Нұрсұлтан Назарбаев бүгін қауіпсіздік кеңесінінің кезекті отырысында осылай деді. Елбасы қазір жаһан елдері, экономикалық стратегияларын қайта қарап жатқанын айтады. Ол үшін тек өз ресурстары мен қаржы жүйесінің тұрақтылығына сүйенеді. Елбасының пайымынша, экономикаға тиімсіз салалар жабылады. Оның орнына басқа секторлар келіп, халыққа жұмыс ұсынатын болады. Жалпы, бұл дағдарыс жаңа технологиялық және экономикалық тәртіпке алып келеді.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Кейбір сарапшылардың болжамынша, әлі де 2-3 жылға созылуы мүмкін. Қиындықты, табысты еңсеруді қазірден бастап қолға алатын іс-шаралар маңызды рөл атқарады.


Сондай-ақ, Елбасы бұл мақсатқа Ұлттық қорға жиналған қыруар қаржының бөлінгенін атап өтті. Және оның да шегі бар екенін ескертеді. Сондықтан қордың қаржысын барынша үнемді пайдалану қажет екенін мығымдап айтты. Бұдан бөлек, жиын барысында коронавирус инфекциясымен күрес шаралары кеңінен сөз болды. Нұрсұлтан Назарбаев жер жүзіндегі қазіргі жағдай үрей туғызатын сценариймен өрбіп жатқанын айтты. Сарапшылар: әлем елдерінің жаппай карантинге жабылуын өткен ғасырдағы "Ұлы депрессиямен" теңейтінін жеткізді. Олар 170 мемлекетте халықтың табысы төмендейтіндігін, экономикасы әлсіз елдерге оңай болмайтынын болжаған.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:


Сарапшылар осы тоқсанда сарапшылар пандемияның шарықтау шегі мен экономикалық дағдарыс қатар келеді деп болжам жасап отыр. Бұл  өнеркәсіптік өндірістің құлдырауы, Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңдегі ең төменгі деңгейге жетуі мүмкін : Біз тарихта болмаған ахуалға тап болып отырмыз.

     
А. Мүтәлі