$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ауылда балалар жоғалып, оны полиция шабындықтан тапты

AstanaTV
27.04.2020ж. 20:00
4373
Ауылда балалар жоғалып, оны полиция шабындықтан тапты

Қызылорда облысының Таң ауылында ойын балалары жоғалып кетті. 7 және 8 жастағы балалар түскі сағат екілер шамасында ойнауға шыққан. Кешке дейін оралмаған соң, екі отбасының да ата-аналары іздеген. Бірақ таба алмай, түнде жергілікті учаскелік полиция инспекторына хабарлауға мәжбүр болады. Жалағаш ауданының полиция қызметкерлерінен топ құрылып, іздеген. Жоғалған балалар түңгі 3-терде ғана аман есен табылды. Полиция оларды ауылдан 7 шақырым қашықтықтағы шабындықта ұйықтап жатқан жерінен тауып алған. Енді карантин тәртібін бұзып, қауіпсіздік шараларын сақтамаған екі отбасының да ата-анасы жауапкершілікке тартылмақ.

Оралбек ОМАРОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ПД КАДР САЯСАТЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Төтенше жағдай кезіндегі карантин режимінің талаптарын сақтамағаны үшін 7 және 8 жастағы балалардың ата-анасына қатысты Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық Кодесінің 476 бабының 6 бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып, жинақталған құжаттар аудандық сотқа жолданды.


Ш. Сактапова