Елордада «Кәсіпкер ана» жобасына 600-ге жуық адам өтініш жіберген. Олар жаңа мамандықтарды онлайн-курс арқылы тегін игеріп жатыр. Енді көп балалы аналар үйден шықпай-ақ фотограф, массаж және маникюр шебері сынды мамандықтарды игере алады. Қашықтықтан оқыту курстары 17 сәуірде басталған. Тегін онлайн-курсқа жалғызбасты аналар, сондай-ақ әлеуметтік көмек алып отырғандарда өтініш бере алады.
Ғ.Өтемісов