Ауа райы -
×
Негізгі / Жаңалықтар / Астанада діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шаралары талқыланды

Астанада діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шаралары талқыланды

Астанада діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, теріс ағым өкілдерімен күрестің басқа да жолдарын қарастыру мәселері қаралды. Дөңгелек үстелге Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері, теолог мамандар мен дін өкілдері қатысты.

Елордада терроризмге қарсы ведомствоаралық комиссия құрылған. Оған бірнеше мемлекеттік органның қызметкерлері мүше болып табылады. Аталмыш жиынның мақсаты - терроризмге қарсы күрес шараларын арттыру. Лаңкестікке қарсы күрес орталығының басшысы Мұрат Қонақбаев өзінің  баяндамасында бірнеше ұсыныстарын айтып өтті. Оның сөзінше, азаматтардың қауіпсіздігі үшін әр мекемеде алдын ала арнайы оқу-жаттығу курстарын өткізген жөн.

Мұрат Қонақбаев, ҚР ҰҚК терроризмге қарсы күрес орталығының басшысы:

Жұртшылққа ақпараттық насихаттау жұмысын жүйелі түрде өткізу қажет. Төтенше жағдайға дайын болу үшін барлық ұйымдар мен мекемелердегі қызметкерлерге оқу-жаттығу шараларынан өткені жөн. Егер күдік туғызған жағдайда, жедел түрде құқық қорғау органдарына хабарлауы тиіс.

Сонымен қатар, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне қарасты Дін және мәдениет халықаралық орталығының жетекшісі де біршама мәселені қозғады. Халық арасындағы кейбір сөздердің ұғымдары дұрыс қабылданбайтынын сөз етіп, қолмен қойғандай етіп жіктеп берді.

Айдар Әбуов, Дін және мәдениет халықаралық орталығының жетекшісі:

Қоғамда зайырлық мәселерді дамытып, ары қарай күшейту мақсатында. Осыны түсіп алу керек, осыны көп айтып жатырмыз. Осы аудиторияда айтқым келіп тұр. Зайырлық деген - ол бір дінге қарсы жасалып жатқан іс-шаралар емес. Зайырлық деген - діни қағидаттарды ысырып тастап, басқа қағидаттарға орын беру емес.

Диана САПАРҚЫЗЫ