Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Ардагерлерге берілетін жәрдемақы мөлшері көбейеді

AstanaTV
30.04.2020ж. 20:00
4791
Ардагерлерге берілетін жәрдемақы мөлшері көбейеді

Қазақстанда ардагерлердің жәрдемақысы өсетін болды. Бүгін Сенатта осыған қатысты заң қаралып, мақұлданды. Жаңа құжатта Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің санаты кеңейтілген. Енді Чехословакиядағы қақтығысқа, этносаралық шиеленістерге, Ирактағы бітімгершілік операциясы мен тәжік-ауған шекарасын күзетуге қатысушылар да Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен теңестірілетін болды. Заң жобасында оларға берілетін қосымша жеңілдіктер қаралған. Жәрдемақы мөлшерін 385 мың теңгеге дейін ұлғайтуды көздеп отыр. Сонымен қатар, бұл санаттағылар салықтың 11 түрінен де босатылады.
 
Бақытжан ЖҰМАҒҰЛОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:
 
Бұл заңнамалық актілерге ардагерлер туралы ҚР-ның заңның жобасына сәйкестендіру және ардагерлерді әлеуметтік қолдау мәнінде өзгерістер енгізу қарастырылған.

А. Мүтәлі