Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Қызылорда да қаржылай көмектің екінші толқынына 8 мың адам ілікті

AstanaTV
30.04.2020ж. 20:00
3504
Қызылорда да қаржылай көмектің екінші толқынына 8 мың адам ілікті

Сыр бойындағы «Невада-Семей» ядролық қозғалысының ардагерлері, "Біргеміз" қоры бөлген қаржылай көмектің екінші толқынына ілікті. Шамамен 8 мыңға жуық қария бір реттік 50 мың теңгені ала бастады. Кезінде Семей қозғалысына қатысқан он мың адамның, қазір 1200-і ғана аман. Көпшілігінің денсаулығы нашар. Олар бөлінген қаржыны дәрі-дәрмекке, енді бірі керек-жарағына жұмсамақшы.

Қожабай МӘКИЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША «НЕВАДА-СЕМЕЙ» ҚҚ МҮШЕСІ:

Жылына бір мәрте Астанаға демаламыз, 15 күн демалып келеміз, барып-қайтуы тегін. Бүгін енді 50 мың ақша беріп жатыр, бала-шағамызбен қуанып алып жатырмыз. Бәріміз жұмыссыз отырдық.

Дәл осындай көмекті 5 мыңнан аса қостанайлық алып үлгерген. Солардың бірі 8 баласын бауырына басқан Жанат Мырзақызы. Атаулы әлеуметтік көмектің арқасында күнелтіп отырған отбасы карантинде қиналып қалғанын жасырмайды. Сондықтан, бұл - біз үшін үлкен қолдау,-деді алтын алқа иегері. Еріктілер көмекке мұқтаж жанға азық-түлікте жеткізіп берген.

Жанат ШӘКІРОВА, ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
 
Карантин кезінде бізге көмек беріп жатыр. «Нұр Отан» партиясына алғысымыз шексіз. Азық-түлік әкеп беріп жатыр. Барлығына да рахмет. Елбасыға рахмет. Көп балалы ата-аналардың атынан. Бәріміз осылай қуанып отырмыз.

З. Санай