Коронавирус пандемиясынан қайтыс болғандардың саны 29-жетті. Соңғы өлім жағдайлары Шымкент қаласы мен Қарағанды,Павлодар, Жамбыл облыстарында тіркелді. Бұл туралы жергілікті денсаулық сақтау басқармасының өкілдері хабарлады. Бұдан бөлек, Ақтөбеде облысында бір отбасының екі баласынан вирус анықтылған. Елдегі соңғы ақпаратты әріптесім Асылбек Данияр жеткізеді.
Павлодар облысында COVID-19-дан 2-нші өлім жағдайы тіркелді. Зейнеткер Екібастұзда індет жұқтырған науқаспен байланыста болғаны үшін
22 сәуір күні карантинге жатқызылған. 28 сәуірде оның денсаулығы нашарлап, өкпені жасанды желдету құрылғысына қосылды. Аймақтың бас санитарлық дәрігерінің сөзінше, екі күннен кейін тыныс алуы қиындап науқастың жүрегі тоқтаған.
Зәмзәгүл ДОШАНОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕРІ:
80 жастағы қария коронавирус жұқтырған науқаспен тығыз байланыста болған. 23 сәуір күні ер адамнан алынған сынама оң нәтиже көрсетті. Оның жүрек-қан тамыр, өкпе, семіздік аурулары қатар, иммун жүйесі әлсіз болған. Өкінішке қарай, интенсив терапиясы көрсетілсе де пациенттің денсаулығы нашарлап кетті. Шұғыл көрсетілген реанимация шарасы нәтижесіз болды.
Ал Ақтөбеде соңғы тәулікте он үш адамның індет жұқтырғаны белгілі болды. Олардың алтауы Атыраудан вахталық әдіспен жұмыс істеп келген. Қалғаны дертке шалдыққандардың туыстарынан анықталыпты. Олардың арасында кәмілет жасына толмаған үш бала бар. Бір және үш жастағы бүлдіршін кеселді өз әкесінен жұқтырған. Екеуі де қазір ауруханаға жатыр. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы оларда дерттің клиникалық белгілері болмаған жеткізді. Оны зертханалық әдіспен анықталған.
Әсет ҚАЛИЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Бір үйдің балдары екеуі де, бірақ анасында теріс мәнді. 2019 және 2017 жылғы балалар екеуіненде коронавирустық инфекция анықталып тұр. Әкесінде осы инфекция анықталған болатын. Бірақ қазіргі таңда анасымен бірге арнайы палатаға жатқызылып екеуіне қажетті емдік шаралар жүргізіліп жатыр.
Министрлік мәліметінше, Республика бойынша коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 4000-нан асты. 1100-ден астам науқас сауығып шықты. Қайтыс болғандар 27. Ал, соңғы қайтыс болған 2 адам туралы әзірге минисрлік мәлімет жариялады.
А. Данияр