Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Ұлыбританияда коронавирус салдарынан жұмыссыз қалғандар саны 2 млн-ға жетуі мүмкін

AstanaTV
04.05.2020ж. 20:00
2159
Ұлыбританияда коронавирус салдарынан жұмыссыз қалғандар саны 2 млн-ға жетуі мүмкін

АҚШ-та карантин шаралары жеңілдетсін деген наразы халық көшеге шықты. Елде жұмыссыздар саны күн сайын артып келеді. Жалдамалы баспананың ақшасы тұрмақ, азық-түлік алғанға ақша жоқ. Коронавирус салдарынан туындаған дағдарыс өзге де алпауыт елдердің экономикасын жүдетті. Әлемдегі жағдай келесі бейнематериалда.

Сеул тұрғындары соңғы бірнеше айда алғаш рет дүкен аралап, киім-кешек алуға шықты. Билік пандемияның экономикаға кері әсері күшеймес үшін карантин режимін жеңілдетті. Сарапшылар қазірдің өзінде келтірілген залал 2 пайызды құрайды, дейді. Дамыған Оңтүстік Корея үшін бұл көрсеткіш мыңдаған адамның жұмыссыз қалуын, бизнестің банкротқа, миллиардтаған шығынға ұшырауын білдіреді. Одан бөлек туристердің жоқтығынан экономканың бір бүйірі бос тұр.

Ким ЖОН СУК, ГҮЛ ДҮКЕНІНІҢ ИЕСІ:

Адамдар карантин кезінде ең маңызды: азық-түлік және маскалармен қамтамасыз етілді. Яғни азық-түлік дүкендері жұмыс істеп тұрды. Біз бірнеше ай тұралап қалдық. Ал бүгін адамдардың гүл іздеп келгені керемет.

Ал Жапонияда қонақ үй индустриясы ақсап қалды. Сәуір айының соңында қонақ үйлердің 20 пайызы жабылған. Мәселен, мына құны 2 мың долларды құрайтын қонақ үй бөлмелері алдын ала ғана брондалатын. Алайда қазір барлық бөлмелері қаңырап бос тұр.

Шигеуки МИТАМУРА, ҚОНАҚ ҮЙ МЕНЕДЖЕРІ:

Соңғы үш жылда қонақ үйге келушілердің қарасы үзілмейтін. Терезесінен әдемі көрініс ашылатын бөлмелер тіпті 2021-ші жылға дейін брондалған еді. Ал Қаңтар айынан бері тек 5 пайызға ғана толы. Бірақ 450 мың доллар көлемінде шығын және салық төлеуіміз керек. Егер тұруға ешкім келмесе оны қалай төлейміз?!

Шығынға ұшырағандар қатарында үлкен компания иелері де бар. Мәселен әлемнің ең бай адамдардар тізімінде үшінші орынға жайғасқан Уоррен Баффет. Ол 49 млрд долларынан айырылған. Осы жағдайға байланысты 4 әуекомпанияның акцияларын сатуға мәжбүр болды.

Уоррен БАФФЕТ, МИЛЛИАРДЕР:

Әуе компаниялар үшін жағдай өте қиын. Үлкен шығынға кенеліп отыр. Алдағы 3-4 жылда адамдар бұрынғыдай жиі ұшады ма, ол да белгісіз.

Қаржы дағдарысы АҚШ-тың да мазасын қашырды. Жұмыссыздар күн санап өсіп келеді. Жәрдемақыға өтініш бергендер саны 30 млннан асады. Пәтер ақысын төлегенге ақша жоқ. Наразы халық көшеге шығып, карантин режимін жеңілдетуді талап етті.

Барбара ДЖЕКСОН:

Адамдар арасында қашықтықты сақтап, гигиенаға аса назар аудару қажеттігін білеміз. Осылай мектепке барып, саябақтарда қыдыруға да болады. Қазір бұл елде вирустан емес карантин режимінен және мектепке баруға, саябақтарда серуендеуге, жұмысқа шығуға болады. Өйткені бұл елде вирустан қарағанда кранатин режимінің салдарынан шығын басымырақ.

Ұлыбританияда індеттен көз жұмғандар саны 30 мыңға жуық. Экономика 35 пайызға қысқарып, жұмыссыздар саны 2 млннан асуы мүмкін, дейді сарапшылар.

Дэвид ХЕНИГ, «ECIPE» АНАЛИТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Экономикалық тұрғыдан коронавирус ел экономикасына үлкен кері әсерін тигізді. Демалыс орындары және қонақ үй бизнесі толықтай дерлік жұмысын тоқтатты. Мыңдаған жұмысшылар ақысыз еңбек демалысына жіберілді. Сондай-ақ көптеген компаниялар зауыт-фабрикаларын басқа елдерге көшіруі мүмкін.

Әрбір мемлекет дағдарыспен өздігінше күресіп жатыр. Мәселен Жапония зардап шеккен компанияларға 18 мың доллар бөліп, жеңілдіктер ұсынуды көздейді. Кәсіпкерлер үшін бұл көмек болғанымен, жеткіліксіз. Ал АҚШ жыл соңына қарай вакцина жасап шығармақ. Ал Беларусь президенті Александр Лукашенко «Бір құдайдың көмегімен мұны да еңсереміз» деген ойда. Онда вирус жұқтырғандар саны 16 мың, 97 адам қайтыс болған.

Ә. Өмірзақ