$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Павлодарда бүтін бір ауыл тұрғындары шошқа фермасынан жапа шегіп отыр

AstanaTV
04.05.2020ж. 20:00
4764
Павлодарда бүтін бір ауыл тұрғындары шошқа фермасынан жапа шегіп отыр

Павлодарда бүтін бір ауыл тұрғындары шошқа фермасынан жапа шегіп отыр. Қорадан шығатын күлімсі иіс, кешкісін ауылға тарайтын көрінеді. Сасық иіске тұншықтық деген тұрғындар бас көтеріп, ферманың басқа жаққа көшірілуін талап етті. Өйткені, 10 жылдан бері жағымсыз иіске шыдап келген тұрғындардың төзімі әбден түгесілген. Тақырыпты ауылдықтардың мұңын тыңдап келген әріптесім Өзгеріс Қуанар тарқатады.

Тайлы тұяғы қалмай жиналған ауылдықтардың ашуы қатты. Өйткені, соңғы бір айда күлімсі иіс тіптен үдей түскен. Сабыры сарқылған жұрт ферманың алдына барып шу шығарды. Алайда, ауылдастарының мұңын тыңдауға күзетшіден басқа ешкім шықпады.

Әлия АЙДАРҚЫЗЫ, ПАВЛОДАР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бұл иіс бүкіл ауылға мүңкіп тұр. Балаларды кешке шығара алмаймыз. Киімнің бәрін үйде кептіреміз. Үйде қазіргі кезде мына бірдемелер ұшып жүреді.  Ол бәрі төсекке жұғады. Оны да шығара алмаймыз. Енді кешке жақын шығарайын десең мына иістен шығара алмайсың.

Алмахан ЖАЙНАҚЫЗЫ, ПАВЛОДАР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

13-жылдан бері мен ауырып бастадым. Сол кезде менің емдеуші дәрігерім айтты. Осы шошқаның иесінен сізде аллергия бар. Ешқандай иіске шыдамаймын. Красканың иісі бәрінен аллергия. Сізге болса, көшіңіз дейді. Мен қайда барам. Өзім әрең дегенде жер алып, үй салдық. Біз қайда барамыз. Көшетін біздің жағдайымыз жоқ. Рубиком көшсін.

Шошқаның тезегінен ауру болдық деген ауылдықтар ферманың басқа жаққа көшірілуін қалайды.  Өйткені, кәсіпорын ауылдың дәл ортасында орналасқан. Сондықтан да иіс желмен бірге үйге де кіреді - деп отыр. 

Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ:

Тұрғындардың айтуынша, бордақылау алаңынан шыққан қалдықтар тиісті орынға төгілмейді. Соның салдарынан ауылды жағымсыз иіс басқан. Өздеріңіз көріп тұрғандай ауыл шеті доңыздың тезегінің қоқыс алаңына айналыпты.

Мамыр ШӘКІМ, ПАВЛОДАР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Соның нәжісін ауылдың сыртына ақшаны үнемдеу ретінде ауылдың сыртындағы бос жерге төге салады. Сол арқылы жел соққан кезде біздің мына оң жағымыздағы 5-6 көшеге бүкіл жағымсыз иіс келеді. Сол арқылы қаншама адам ауру.


Тұрғындар мұңын шағып талай табалдырықты тоздырған. Алайда, ешқайсысынан қайыр болмапты. 10 жылдан бері құлақ асар жан таппаған. Ал ауыл әкімі кәсіпорынды тексеру біздің құзырымызға кірмейді, сондықтан тиісті органдарға хат жолдадық - деді.

Сырым РУШАНОВ, ПАВЛОДАР АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ:


Көктемдік дала жұмыстары басталғанда ол иіс көп шығады. Өйткені, олар егін салады ол кезде. Мына шошқаның қалдықтарын бәрін өзі орашемый участокке жіберіп, удобрять етеді сол кезде шығады.
 
Ал кәсіпорын мамандары бұған осы жерден үй салуға рұқсат берген жергілікті шенділерді кінәлайды. Өйткені, олар санитарлықты талапты сақтамай тұрғындарға ферма аумағынан жер берген.  Себебі, ферма алғаш салынған кезде бұл маң жазық дала болған - дейді, кәсіпорын маманы.
 
Наталья ВИТВИЦКАЯ, ЖШС МАРКЕТИНГ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:


Бізде әр тоқсан сайын лабораториялық зерттеу шаралары жүргізіледі. Яғни, ауадан, судан, топырақтан сынама алынады. Осы кезге дейін бұл сынама көрсеткіштері санитарлық нормадан асқан емес. Үнемі экология басқармасы, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет жоспарлы, жоспарсыз тексерулер жүргізіп тұрады.

Осылайша ферманы көшіру олардың жоспарында жоқ екен айтты. Сондықтан, мәселені тұрғындарға үй салуға жер берген жергілікті шенділер шешсін деп отыр.

Ө. Қуанар