Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Қызылжарда "Nur Otan" партиясының өкілдері бекеттерді бақылауға алды

AstanaTV
04.05.2020ж. 20:00
1960
Қызылжарда "Nur Otan" партиясының өкілдері бекеттерді бақылауға алды

Солтүстік Қазақстан облысында карантин кезінде көлікпен қатынауға рұқсат қағазын берген екі мемлекеттік қызметкер анықталды. Олар бұл қызметі үшін пара алған деген күдікке ілікті. Бұл туралы аймақтағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті хабарлайды. Қарбалас кезеңде шенділерді тәртіпке келтіру үшін "Nur Otan" партиясының аймақтағы өкілдері де ат салысуда. Партиялықтар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің мамандарымен бірлесіп, алты бекетке арнайы плакаттар ілді. Осының арқасында олар тұрғындарға "бармақ басты, көз қысты" әрекет үшін қатаң жаза тағайындалатынын еске салмақ.

Дамир ХАБИБУЛИН, СҚО ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:
 
Елімізде төтенше жағдай енгізілгелі екі лауазымды тұлға ұсталды. Оның бірі қалалық әкімдік қызметкері: қала ішінде қатынауға және шаһардың сыртына шығуға рұқсат беретін қағазды бергені үшін 50 мың теңге пара алған. Ал аудандық полиция бөлімінің өкілі дәл осындай қызметі үшін 1 миллион 300 мың алған. Қос іс бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Александр БУДУНОВСКИЙ, "NUR OTAN" СҚО ФИЛИАЛЫ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ИНСПЕКТОРЫ:

Карантин енгізілгеннен бастап кей лауазымды тұлғалар мен тұрғындардың жемқорлыққа жол бергенін байқадық. Бұл орайда бізге идеологиялық жұмысты нығайту керек. Сол үшін осындай плакаттар ілдік. Мұндай іс жазасыз болмайтынын білсін деп.

Ал, Павлодарда «Nur Otan» партиясының мүшелері көмекке мұқтаждарға азық-түлік пен гигеналық заттар таратты. Бірнеше күн ішінде 500 қорап тиісті мекен-жайларға жеткізілген. Жалпы «Біз біргеміз!» акциясы бойынша өңірдегі 6000 жуық отбасыға көмек көрсетілген. Көмекке ие болғандардың бірі -  Рыстай Ұсақова. Ол ұзақ жылдар бойы қоғамдық жұмыспен айналысқан. Қазір құрметті еңбек демалысында.

Рыстай ҰСАҚОВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Рахмет, барлықтарыңызға. Әрдайым ұмытпайды. Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында біздерді де назардан тыс қалдырмай, елеп ескеріп жатқандарыңызға алғыс айтам.


Ө. Қуанар