Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Павлодарлық тасымалдаушылар жолақыны көтеруді қалайды

AstanaTV
03.10.2017ж. 20:00
1964
Павлодарлық тасымалдаушылар жолақыны көтеруді қалайды

Павлодарлық тасымалдаушылар биліктен жол жүру ақысын көтеруді сұрап отыр. Өңірдің Көлік жүргізушілер одағы төрағасының айтуынша, дизель отынының күрт қымбаттауынан кейін жағдай ушыға түскен. Жанармайдың бұл түрінің бағасы қазір 150 теңгеге жетті. Тасымалдаушылардың сөзінше, орын алған ахуал бір күнде пайда болмаған. Осыдан екі ай бұрын облыстық көлік жүргізушілер одағы қауымдастығы жағдайдың қиындағанын айтып, жергілікті билікке тарифті көтеру туралы ұсыныспен шыққан. Бұл әрекетін олар жанар-жағармаймен қосалқы бөлшектер бағасының қымбаттауымен түсіндірген. Былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, дизель отыны 50 пайызға, ал қосалқы тетіктер құны 27 пайызға өсті,- дейді тасымалдаушылар. Сондықтан олар жол жүру ақысын 70 теңгеден 80 теңгеге көтеруді ұсынады.

Павлодарда 9 тасымалдаушы кәсіпорын бар. Күн сайын жолаушыларға 150-ге жуық үлкен автобус пен 300-ге тарта шағын автобус қызмет көрсетеді. Қалада соңғы рет жолақы құны 2016 жылдың тамызында 10 теңгеге қымбаттаған.   

Василий Рудаков, «Павлодар облыстық көлік жүргізушілер одағы» қауымдастығының төрағасы: 

Қазір біздің қоғамдық көліктердегі жол жүру ақысы 70 теңге. Бірақ бұл тариф сақталатын болса,  жұмыс ауқымын толыққанды қамтамасыз етуге күшіміз жетпей қалады. Бүгінгі күннің өзінде автобустардың бағытқа шықпай қалған оқиғалары бар. Жағдай өзгермесе, осы айдың ішінде кейбір маршруттар жабылып қалуы мүмкін.