Өзге де жаңалықтар. Ел аумағында коронавирустық инфекцияны жұқтырғандардың саны 4200-ге жуықтады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Эпидемиялогиялық жағдай соңғы 2 тәулік ішінде тұрақталған. Тиісінше, індеттен емделіп шыққандардың көрсеткіші жақсарып келеді. 1300-ге таяу науқас дертінен айыққан. Ал кесел құрбандарының саны 29-ға жетті. Алматы қаласы бойынша жұқтыру дерегі 6 пайызға төмендепті. Қазіргі таңда мегаполистің 77 мың тұрғыны COVID-19-ға тест тапсырға ниет білдірген. Дегенмен, жергілікті денсаулық сақтау басқармасы 34 адамның жағдайы ауыр екендігін жеткізді.
Тілеухан ӘБІЛДАЕВ, АЛМАТЫ қ. ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Алматыда коронавирустың расталған 1356 жағдайы тіркелген. 1 пациенттің жай-күйі өте ауыр. 34 науқаста ауыр. 289 адамда ауырлықтың орта дәрежесінде, қалғандарының жағдайы - қанағаттанарлық. Қала бойынша анықталған наауқастың 80 пайызында ауру сипмтомсыз өтуде.
А. Данияр