Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Мақтааралдықтарға гуманитарлық көмек жөнелтілді

AstanaTV
05.05.2020ж. 20:00
2433
Мақтааралдықтарға гуманитарлық көмек жөнелтілді

Қиын жағдайға тап болған мақтааралдық ағайынға ел астанасынан гуманитарлық көмек жөнелтілді. Бүгін 40 тоннадан астам азық-түлік тиелген жүк көліктері, Нұр-Сұлтан қаласынан оңтүстікке қарай жолға шықты. Игі бастаманы «Nur Otan» партиясы қолға алған.

Бауыржан БАЙБЕК, "NUR OTAN"ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтік комиссияға тез арада тұрғын үйлер мен инфрақұрылымды қалпына келтіру, тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Төтенше жағдай орын алған алғашқы күннен бастап «Nur Otan» бұдан сырт қалмады. Партия филиалы мен мүшелері зардап шеккен тұрғындарға барынша көмек көрсетуде.

Гуманитарлық көмектің ішінде 1 жарым мың отбасыға арналған 30 келілік азық-түлік пен бірінші кезекте қажет тауарлар бар. Зардап шеккен тұрғындарға жүкті үлестіру үшін 100-ге тарта ерікті жұмылдырылған. Мақтааралдықтарға көмек қолын созу үшін өнер жұлдыздары да қалыс қалмады.

Елнұр БЕЙСЕНБАЙ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ «JAS OTAN» ЖҚ ТӨРАҒАСЫ:

Осы сол жердегі волонтерлік штабқа көмекке жасотандықтар бастап бара жатыр. Жергілікті жерде еріктілер штабы құрылып, ол жерге жасотандықтар, сол жердегі жергілікті волонтерлік ұйымдардың барлығы бірлесіп, қазір бірге ірі жұмыстарды жасап жатыр.

Қайрат НҰРТАС, ӘНШІ:

Біз көмекке әрқашанда дайынбыз. Біз біргеміз. Өнер жұлдыздары, өнер адамдары, барлығы қолдауда. Иншалла әлі көмектесеміз деген ойымыз бар тағы да.

А. Мүтәлі