Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

"Салиқалы ұрпақ" қоғамдық қоры Мақтааралға 20 тонна азық-түлік жеткізді

AstanaTV
05.05.2020ж. 20:00
4037
"Салиқалы ұрпақ" қоғамдық қоры Мақтааралға 20 тонна азық-түлік жеткізді

Су тасқынынан шардап шеккен мақтааралдықтарға Алматыдан 20 тонна азық-түлік жеткізілді. Қайырымдылық шараға «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қоры ұйытқы болған. Гуманитарлық көмектің ішінде азық-түлікпен бірге, жеке бас гигиенасына қажетті заттар да бар. Күнгейге қарай жеткізілген жүкті белгілі кәсіпкер Қайрат Құдайбергеннің өзі бастап келіпті.

Қайрат ҚҰДАЙБЕРГЕН, КӘСІПКЕР: 

Осындай қиындық келгенде еліміз бір болуы керек. Жұмыла көтерген жүк жеңіл болады деп қазағым бекер айтпаған.

Қордың Мақтаарал ауданына деген көмегі мұнымен шектеліп қалған жоқ.  Қайрат Құдайберген су басқан үйлерді қайта қалпына келтіру үшін қосымша 200 млн теңге аударылғандығын жеткізді.

А. Мүтәлі