Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Референдумға қатысқандардың 90 пайызы Испаниядан бөлінуге дауыс берген

AstanaTV
02.10.2017ж. 20:00
2808
Референдумға қатысқандардың 90 пайызы Испаниядан бөлінуге дауыс берген

Эмоцияға ерік берген полицей. Католония референдумы кезіндегі тәртіп сақшысының суреті жер жаһанға тарап кетті. Испанияның ұлттық гвардиясы мен полиция бөгет жасауға қанша  тырысқанмен, референдум өтті. Екі күн бұрын ресми Мадрид Барселонаға 10 000-дай арнайы жасақтың өкілдерін жіберген. Нәтижесінде 1000-нан аса адам ауруханаға түсті. Сонымен ел астанасы референдумды заңсыз деп отыр. Дегенмен, 1 қазан бұл елдің екіге бөлінуімен тарихта қалатын сыңайлы.

Таяқпен ұрып, резеңке оқ атып, көз жасауратқыш газ қолдану. Каталония тәуелсіздігіне дауыс беру осындай жағдайда өтті. Сайлау учаскелеріне жиналған адамдарды Ұлттық гвардия өкілдері күтіп тұрған. Ресми Мадрид бірнеше кемемен мыңдаған әскер жіберді. Испания билігі референдумға әу баста қарсы болған-ды. Алайда, жағдайдың мұнша шиеленісіп кететінін ешкім күтпеген. Салдарынан 1000-нан аса адам аураханаға түсті.

Кәрі-жас, бала-шаға - бәрі жылап жатыр. Не үшін? Өйткені демократия керек. Құқықтарының заңмен қорғалғаны керек.

Дауыс бере алмадық. Бас сауғалап қашуға мәжбүр болдық. Қылмыскер, ұры-қары емеспіз, олар секілді жемқор емеспіз. Тек дауыс бергіміз келген.

Алдын ала нәтиже каталондықтардың жеңгенін көрсетті. 5 млн 300 мыңдай сайлаушының тең жартысына жуығы қатысқан, 90 пайызы тәуелсіздікке дауыс берді. Каталония басшысы Карлес Пучдемон провинция тұрғындарының ақыры өз мемлекетін құру құқына ие болғанын айтады

Карлес Пучдемон, Каталония Женералитетінің президенті:

Үмітіміз ақталды. Каталония азаматтары тәуелсіз ел болу құқығын таңдады. Бірер күнде референдум нәтижесі Каталония парламентіне жолданады. Біз еркін, бейбіт, демократиялық ел болуға құқылымыз.

Ресми билік референдум нәтижесін мойындаған жоқ. Ұлттық гвардия мен полицияның әрекетін қалыпты деп бағалады. Телеарналардан сөйлеген премьер Маринао Рахой референдум өткізудің Конституциямен шектелгенін мәлімдеді. Бір жағынан Үкіметтің келіссөз жүргізуге қарсы еместігіін білдірді.

Мариано Рахой, Испания премьер-министрі: 

Каталония басшылары референдум өткізу заңсыз екенін білді. Бірақ, елемеді. Испания үкіметі заңға сәйкес әрекет етті. Тез арада бейбіт жағдай орнауы керек. Мен диалогқа баруға дайынмын. 

Ресми қорытынды ертең жарияланады. Сондай ақ ертең Каталонияда жалпыұлттық ереуіл өтеді. Әрі қарай не болары белгісіз. Сарапшылар Мадридтің әрекетін болжай алмай дал. "Испания ең бай аймақты уысынан қалай шығарады?" деген сұрақ көптеген адамның көкейінде тұр.  Еуроодақ басшылары: "Каталония тәуелсіздік алса, одақтың құрамынан бірден шығарылады,"- деп мәлімдеген.   

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ