$487.37 €532.94 ₽5.09
×

30 жылға жуық уақыт пәтерде пеш жаққан Новочерноярка ауылының тұрғындарына биыл жылу беріледі

AstanaTV
12.05.2020ж. 20:00
2790
30 жылға жуық уақыт пәтерде пеш жаққан Новочерноярка ауылының тұрғындарына биыл жылу беріледі

30 жыл бойы пәтерде пеш жаққан Павлодар облысына қарасты Новочерноярка ауылының тұрғындарына биыл жылу беріледі. Қазір елді-мекенде жылу қазандығын салу жұмыстары қарқын алды. Қазан айында жылу желісін тартудың бірінші кезеңі аяқталмақ. Нысанның құрылыс жұмысын «Nur Otan» партиясы өз бақылауына алған.

Новочерноярка ауылына жас маман болып келген Әсел пеш жағудың машақатын бір кісідей көрген. Қыста таңнан тұрып, от жағып, көмір тасыды. Енді ол қиындықтардың бәрі артта қалатына сенімді. 

Әсел ИСАЛИНА, НОВОЧЕРНОЯРКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Мен 3 қабатта тұрғандықтан маған көмір 3 қабатқа көмір тасу, отын тасуға өте қиын. Екіншіден осы алған отынды сақтау орны өте бір қиын мәселе болып табылады.  Осыдан 1 жыл бұрын көрші үйде бықсып түнде сондай бір жағдай болды. Балалармен бүкіл отбасымызбен далаға шығып, ондай да бір кезең болды.

Бұл ауылда өткен ғасырдың 90 жылдарынан бері  орталық жылу жоқ. Тұрғындар үйде пеш жағып күнелтіп келді. Аталған мәселені  тұрғындар өңірге іс-сапармен келген "Nur Otan" партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбекке де жеткізген болатын. Осыдан соң партия мәселені бақылауына алды. Енді міне, көптен бері қордаланған түйткіл шешімін тауып, елді-мекенде жылу қазандығының құрылысы басталып кетті.

Серік БӨЛЕМЕСОВ, ПАВЛОДАР АУДАНЫ ЭКОНОМИКАНЫҢ НАҚТЫ СЕКТОРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Қазіргі уақытта өздеріңіз көріп отырсыздар тепла трассаны салып жатырмыз жердің астына. Үйлердің жанына келтіріп жатырмыз. Қазіргі уақытта проблема жоқ. Әрі қарай әрбір проблеманы шешіп отырамыз.

Олег КОСТЕНКО, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ПОФ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:


Қазандық құрылысына облыстық бюджеттен 507 млн теңге бөлінді. Конкурстық негізде мердігер анықталып, құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатыр.  Бұл жұмыстар партияның бақылауында.

Ауылда 1000-нан астам халық бар. Оның 800-і көп қабатты тұрғын үйлерде қоныстанған. Қыстан қысымшылық көретін де осы тұрғындар.  Мердігер қазандықтың құрылысын ертерек аяқтауды жоспаралап отыр. Болжам бойынша  жылу желісін тартудың бірінші кезеңі қазан айында аяқталмақ.  Ал екінші кезең бойынша жеке сектордағы жер үйлерге де жылу құбыры тартылады.

Ө. Қуанар