Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Елордадағы 400-ден астам медицина қызметкеріне құрмет көрсетілді

AstanaTV
12.05.2020ж. 20:00
1890
Елордадағы 400-ден астам медицина қызметкеріне құрмет көрсетілді

Бүгін - Халықаралық мейірбике күні. Осыған орай Елордадағы 400-ден астам медицина қызметкеріне құрмет көрсетілді. Бұл шараға «Nur Otan» партиясының Нұр-Сұлтан қалалық филиалы мен «Үммет» қоғамдық қоры ұйытқы болды. Олар қаладағы Туберкулезге қарсы диспансер мен балалар инфекциялық ауруханасының ақ халаттыларын құттықтап, сыйлықтар табыс етті. 

Ерлан КАНАЛИМОВ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ НҰР-СҰЛТАН қ. ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұл жерге біз арнайы құттықтаумен қоса өзіміздің партиямыздың атынан, қалалық филиалдың атынан арнайы антисептиктер әкелдік медициналық маскалар әкелдік. Және де Біріккен Араб Әмірлігі елшілігінен арнайы сыйлық бар. Дәрігерлер мен медбикелерге толығымен шыдамдылық пен төзімділік тілеймін. Осы карантиннен тезірек аман-есен шығайық бәріміз. 

Ел басына түскен қиын қыстау сәтте үй бетін көрмей жүрген дәрігерлерге қандай құрмет болса да жарасады. Айта кетейін, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысымен, биылғы жыл пандемиямен күресіп жүрген дәрігерлердің құрметіне - "мейірбикелер жылы" деп жарияланды.

А. Данияр