Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Елордалық жігіт әйелін қорлағаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылу мүмкін, - ПД

AstanaTV
13.05.2020ж. 20:00
2368
Елордалық жігіт әйелін қорлағаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылу мүмкін, - ПД

Елордада азаматтық некедегі әйелін күш көрсетіп алып кетіп, көзден таса жерде қорғалаған күйеудің кінәсі дәлелденсе 10 жылға бас бостандығынан айырылу мүмкін. Бұл туралы полиция хабарлайды. Қазір күдікті тергеу абақтасына қамалған. Құзырлы мамандар арадағы келеңсіздікке қызғаныш себеп болған деген болжам жасап отыр. Істің ақ-қарасын әріптесім Асылбек Данияр біліп қайтты. 

Полицияға жәбірленушінің анасы шағымданған. 6 мамыр күні тапа тал түсте қызын азаматтық некедегі күйеуі күш көрсетіп алып кеткенін хабарлапты. Шақырусыз келген қонақ үйге терезені сындырып кіргенін айтқан. Оқиға орнына жеткен полиция 30 жастағы тқрғынды келесі күні ғана қолға түсіріпті. Ол қала маңындағы қараусыз қалған ғимартқа әйелін апарып, қорлаған деген күдікке ілікті.  Осыған сай қылмыстық кодекстің үш бірдей бабымен іс қозғалған.

Қайрат АРТЫҚОВ, НҰР-СҰЛТАН қ. ПД ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Оперативтік тергеу өткізетін амалдар бойынша күдікті азамат сол жағалаудың Сығанақ көшесінде ұсталып, қолға түседі. Қазіргі таңда сезікті азамат қылмыстық процесуалдық кодексінің 128-нші бабымен ұсталған. Уақытша ұстау изоляторында отыр. Қылмыстық іс қозғалған: адам ұрлап кету, қинау және заңсыз біреудің үйіне кіру баптары бойынша.

Жапа шеккен әйелді полиция департаментінің Есіл ауданындағы басқарма қызметкері құтқарып қалған. Тергеу басқармасы өкілінің айтуынша, құзырлы орган өкілінің тағы бір қызметкері осы іске қатысты жалған ақпарат таратқан. Қазір бұл оқиғаға қатысы күдіктінің әкесіне де тергеуге алынған. 

Қайрат АРТЫҚОВ, НҰР-СҰЛТАН қ. ПД ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жәбірленушінің айтуы бойынша басында полиция басқармасына келгенде жалған жауап беру үшін ықпал еткен. Қазір сол бағытта тексеріс жүргізіп жатырмыз.

Жәбірленуші алдымен болған жайтты, қоғамдық қордың төрайымы Дина Исмаилованың әлеуметтік желідегі парақшасына баяндаған. Оның сөзінше, отбасында кикілжің сәуір айынан басталыпты. Жәбірленуші, қорға 11 мамыр күні жүгініпті.

Дина ИСМАИЛОВА, "НЕМОЛЧИ.КЗ" ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ:

Иринаға қорғаушы мен психолог іздестіріп жатыр. Психологиялық соққы алған. Жағдайы нашар. Екі жыл кепілде болған. Қоқан-лоқы көрсету бойынша бап бар. Бірақ, ол үшін көп дегенде 30 күндік қамауға алынады. Нақты, нәтижелі шара жоқ. Қоқан-лоқыдан бөлек, аңду деген жағдай бар. Баланы алып кетеді немесе қайтып келуге қыстайды. Жәбірленушілердің құқығын, қауіпсіздігін қорғайтын бап жоқ бізде.

Полиция, қозғалған қылмыстар ауыр дәрежелі болғандықтан күдікті 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін деді. Отбасның бас құрағандарына 2 жыл болған. Ортақ кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар. Олар қазір зарбап шеккен келіншектің анасының қамқорлығында. Ал күйеуі көк ала қойдай сабаған әйелдің өзі полицияның қорғауында. Жәбірленушіге қатысты сот-сараптамасы да тағайындалған. 

А. Данияр