Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Елорданың көшесінде су көкке атылды

AstanaTV
13.05.2020ж. 20:00
2239
Елорданың көшесінде су көкке атылды

Елорданың көшесінде су көкке атылды. Келеңсіз оқиға бүгін тапа-тал түсте Омаров көшесінде орын алды. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. Оқыстан ауыз судың құбырындағы судың қысымы, қақпақты көһтеріп, артынша су көкке көтерілді. Су бұрқақша атылған судың биіктігі 5 қабатты үйдің биіктігенін асты. "Астана-Теплотранзит" акционерлік қоғамы оқиға орнына жетіп, су тоқтатты.

Жылыту маусымына дайындық аясында "Астана-Теплотранзит" АҚ бұрын бекітілген кестеге сәйкес жылу желілерін сынақтан өткізіп, тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сынақ жүргізілетін аумақтағы барлық тұтынушыларға алдын ала хабарлама жасалды. Жылу желілерінде сынақ жұмыстарын жүргізу барысында Омаров 53 ғимараты маңындағы құбыр жарылды. Қазіргі уақытта бұл аумақ судан ажыратылды, ал жылу желілеріне сынақ жұмыстары жалғасып жатыр.

А. Данияр