Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бастамасымен қолға алынған "Biz birgemiz" акциясы жалғасуда. Елордаға карантитн енгізілгелі- әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға 20 мыңнан астам азық-түлік себеті үлестірілген. Оның 10 мыңы "Nur Otan" партиясына тиесілі болса қалғанын меценаттар, кәсіпкерлер мен қоғамдық қорлар таратқан. Қайырымдылық шарасына 500-ге жуық ерікті жұмылдырылған. Осындай қысыл-таяң сәтте- жағдайы төмен жанұяларға көмектесіп жүргендердің бірі - кәсіпкер Досбол Мәлікомар. Бұл игі шараны Нұр-Сұлтан қаласында осымен екінші рет өткізіп отыр. Осы уақыт аралығында тамақ өнімдері бар себеттері Алматы қаласы мен Жамбыл облысының тұрғындарына да берілген.
Досбол МӘЛІКОМАР, КӘСІПКЕР:
Қазіргі таңда біз өзіміздің компаниямыздың атынан 2000-нан асық жәшікті жолдадық. Елбасымыздың "Biz birgemiz" аясындағы осындай акцияға барлық достарымды, жолдастарымды, бауырларымды шақырамын. Бүгін 100-дей отбасы қатылады.
А. Данияр