Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Полицейлерді соққыға жыққандар қамауға алынды, БҚО ПД

AstanaTV
18.05.2020ж. 20:00
3508
Полицейлерді соққыға жыққандар қамауға алынды, БҚО ПД

Оралдық полицейлерге шабуыл жасаған күдіктілердің барлығы қамауға алынды. Қазір оларға билік өкіліне күш қолданғаны үшін айып тағылды. Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінен хабарлағандай оқиға кеше болған. Бөрлі - Орал тас жолының бойында облыстық патрульдік полиция батальонының инспекторлары ресейлік көлікті тоқтатады. Бірақ бұйрыққа бағынбаған көлік жүргізушісі жол бойындағы ауылға бұрылған. Кейін көліктің ішінен 8 адам шығып, тәртіп сақшыларын бас салған.

Әлия НАУРЫЗҒАЛИЕВА, БҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ


Полиция тоқтатқан ресейлік көліктен шыққан 8 мас адам полицейлерге оқыс шабуыл жасаған және дене жарақатын салған. Жедел шаралар барысында барлық күдіктілер анықталып, ұсталды. Қазіргі кезде ҚР ҚК 380-бабына сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде. Қазір олардың бәрі де қамауға алынды.

Екі тәртіп сақшысын соққыға жыққан тентектер облыс тұрғындары болып шықты. Жалпы жыл басынан бері полиция талабына бағынбағаны үшін 17 адам жауапқа тартылыпты.

Е. Карин