Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Жамбыл облысында әскери бөлімнің басшылық құрамы қызметтерінен қуылып, тәртіптік жазаға тартылды

AstanaTV
18.05.2020ж. 20:00
4966
Жамбыл облысында әскери бөлімнің басшылық құрамы қызметтерінен қуылып, тәртіптік жазаға тартылды

Жамбыл облысында әскери бөлімнің басшылық құрамы қызметтерінен қуылып, бірқатары тәртіптік жазаға тартылды. Бұл туралы Қорғаныс минипстрлігі ақпарат таратты. Ведомстваның дерегіне сүйенсек, олар карантин талаптарын сақтамай, әскери бөлімде қауіпті індеттің таралуына жол берген.

Әсет АККУЛИНОВ, ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:


Ішкі тергеу бойынша жоғары лауазымды адамдар және медицина саласына әскери қызметіне жауап беретін адамдар қатаң жазаға тарталды. Орындарынан алынды. Бірнеше офицерлер мен командирлер қатаң жазаға тартылды. Бірақ олардың аты-жөні қай лауазымнан кеткені толықтай ол қызметтік информанцияға жатады.


25-сәуір күні «Оңүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 01-де 731 әскери бөліміндегі 20 қызметкердің коронавирус індетін жұқтырғаны туралы ақпарат тараған еді. Ішкі тексеріс басталып, оның қорытындысы да шыққан. Олқылыққа жол берген әскери бөлімдегі бірқатар офицерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылыпты. Бірақ, олардың қаншасы жұмыстан кетті, қалғандарына қандай жаза қолданғындығы әзірге белгісіз. Министрлік ол туралы жариялаудан бас тартты.

Б. Жұмабай