Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Ақтөбеде саудагерлері жұмысқа шығуға рұқсат беруді талап етеді

AstanaTV
18.05.2020ж. 20:00
3366
Ақтөбеде саудагерлері жұмысқа шығуға рұқсат беруді талап етеді

Ақтөбеде автобөлшек сататын жабық базардың саудагерлері карантинге қарсы шығып отыр. Екі айдан астам уақыт жұмыссыз отырғандар күн көріс қиындағанын айтуда. Көпшілік мойындарында несиелері бар екенін жеткізді. Қарызданып, қауғаланып шаршаған олар

Бұл жабық базарда жүзден астам адам автобөлшектерін сатып, нәпақасын тауып отыр. Аймақ карантинге жабылғалы екі айдан бері жұмыссыз қалған олар, жағдайларының қиындағанын жарыса жар салды. Базыналы жұрт несие алқымдағаны өз алдына, күнделікті көн көрісіміз де қиындады деп отыр.

Алман ЕСМЫРЗА, ЖАБЫҚ БАЗАРДЫҢ САУДАГЕРІ:

Ақшамыз жоқ. Балаларымыз кішкентай. Оларға азық тауып беру керекпіз. Жиған тергеніміз таусылды. Маған 42 мың 500 теңге төлемейді. Коммуналдық төлемдер де қысып жатыр. Жағдай қиын.


Ералы БЕРЖАНОВ, ЖАБЫҚ БАЗАРДЫҢ САУДАГЕРІ:

Уже екі ай болып қалды. Біздің кредитіміз бар. Халыққа неге қарамайды. Біздер өз күшімізбен осы жұмысты істеп жатырмыз. Бізге мемлекет көмек беріп жатқан жоқ. 


Мамырдың басында бұл базар ашылып, екі күннен кейін қайта жабылған. Оның себебін базар әкімшілігі былай түсіндіндірді: 

Ирина МОИСЕЙЧЕНКО, АВТОБӨЛШЕКТЕР ЖАБЫҚ БАЗАРЫНЫҢ ӘКІМШІСІ:


Бесі күні ашылдық. Бірақ ертеңіне атқарушы билік өкілдері мен Сэстің мамандары келіп бізге қаулы берді. Онда біздің базардың сыйымдылығы бес жүз метрден асатын болғандықтан жұмыс жасауға рұқсат жоқ деді. Сосын қайта жабылды.

 
Негізі облыста коронавирусқа шалдыққандардың санының күн санап өсіп, бүгінде 228 жағдай ресми тіркелген. Осыған алаңдаған санитар дәрігерлер карантин режимі жалғасуы мүмкін екенін жасырмайды.

Айсәуле ОРАЛБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ТАУАРЛАР ЖӘНЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚБ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:


Бас санитар дәрігердің қаулысы бойынша 18 мамырдан бастап ашылу керек болатын. Егер бізде ауру жағдайы жеті пайыздан аспаса, осы жиырмасыншы аптады ауру 27 пайыздан асуына байланысты кейінге қалдырып отырмыз. Қазір енді қарап отырамыз. Соңғы апталарда қалай болмақ. Ашу содан кейін жоспарланады.

Өңірде аумағы екі мың шаршы метрден аспайтын сауда орындары, балалар кабинеттері, үйірмелер, шаштараздар мен сұлулық салондары, тіпті туристік агенттіктер мен автосервистер жұмысын бастаған. 

Бақыр РАХМЕТОВА, ТІЛШІ:

Айта кетейік, күні кеше киім- кешек сататын базарлардың саудагерлері бас көтерген еді. Олар да жұмысқа шығуға рұқсат етуде талап еткен болатын. Бұл ұсыныстардың барлығы енді арнайы штабта қаралмақ.

Б. Рахметова