Негізгі / Жаңалықтар / Ресейге жүк артқан дихандар Шымкенттен шыға алмай тұр

Ресейге жүк артқан дихандар Шымкенттен шыға алмай тұр

Ресей мен Беларусь елін бетке алған ауыр жүк көліктері Шымкентте «кептеліп» қалды.  Себеп көкөніс иелерінің аумақтыҚ инспекция беруі тиіс фитосанитарлық сертификатқа қолдары жетпеген. Арнамызға арыз айтқан бір топ дихандардың алды өткен жұмадан бері маңызды құжатты күтіп жатқандарын жеткізді. ҚаңтАрЫлған жүк көліктерінің ұзын саны қырыққа жуықтайды. Негізінен  пияз, қырыққабат, болгар бұрышы және қызылша сынды тез бұзылатын өнімдер артылған.

Мұрат ҮСЕНБЕКОВ, ЖҮК КӨЛІГІНІҢ ЖҮРГІЗУШІСІ:

Күнде бізде расход болып жатыр дизтопливо. Рефере жаторымыз өзі холодильник істеп жатыр. Оның бәрі расход қой бізге. Документ дайындалып жатыр, бүгін болады, обедте болады.сонымен ешқандай хабар жоқ.-Қанша күн болды тұрғаныңызға?- Үшінші күн боп жатыр менің тұрғаныма.

Юрий КОВАЛЕВ, ЖҮК ЖҮРГІЗУШІ:

Мен Ресейдің Краснодар өлкесіненмін. Орынборға пияз апара жатырмын. Міне көріңіздер, ол шіри бастады. Енді осы күйі апарсақ оны кім алады?!. Тығырыққа тіреліп тұрмыз. Кім өтейді, тегін тасыған болмақпыз ба?

Ал Шымкенттегі аумақтық инспекция басшысы телефон арқылы берген сұқбатында бұл жәйтті өТінімдердің тым көптігімен байланыстырды. Бүгін 162 өтінім түсіпті. Әдетте бұл сан жүзге жетпейтін деп отыр. Мамандар күн сайын артылған көкөністерді жіті тексеріп шығады. Ал шетелге шығатындар асықты екен деп үстірт қарап жібере салуға болмайды дегенді қосты. Әбдібақыт Мақұлбаев сондай-ақ жүк Артқандар үш күннен бері күтіп жатырмыз дегенді де теріске шығарды. Айтуынша  фитосанитарлық сертификат бес жұмыс күні ішінде рәсімделеді. 

Әбдібақыт МАҚҰЛБАЕВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯ БАСШЫСЫ:

Мүмкіндігінше бүгін бәрін жіберуге тырысамыз. Егер қалып жататын болса ертең олардың бәрі өздерінің тиісті құжаттарын рәсімдеп алады. Мұның бәрі мысалы базаға да байланысты.

А. Төребекқызы