Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Баянауыл ауданы Жаңатілек ауылының тұрғындары жолдың сапасына шағымданды

AstanaTV
20.05.2020ж. 20:00
3856
Баянауыл ауданы Жаңатілек ауылының тұрғындары жолдың сапасына шағымданды

40 жыл жөндеу көрмеген жол.  Бұл - Павлодар облысына қарасты Баянауыл ауданы Жаңатілек ауылының жолдары. Редакциямызға хабарласқан тұрғындар жол азабын тартып келе жатқандарын айтады. Өткен ғасырдың 70 жылдары төселген асфальттің бүгінде сау тамтығы қалмаған. Жергілікті биліктен әбден көңілі қалған ауылдықтар көмек сұрайды. Тыңдап көрейік!

Бағадат КӘРІБАЙ, ЖАҢАТІЛЕК АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Ауданымызда 3 әкім ауысты. Міне, төртінші әкім келді. Бұл мәселені көтеріп жатқанымызға, жолды бір істеп беріңіздерші, ремонттап беріңіздерші деп көтеріп жатқанымызға біраз болды. Бірақ, бәрі иә қарастырамыз дейді. Кейбіреуі «ендігі жылы істейміз» - деп те айтқан. Бәрі сөз береді.  Бірақ, осы күнге дейін істелінген жоқ.

Мәселенің мән-жайын анықтау үшін Павлодар облысының атқамінерлеріне шығып көрейік. Дәл қазір байланыста Баянауыл ауданына қарасты экономиканың нақты секторы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Бекен Жанахметов бар екен. Бекен Задаұлы, қайырлы кеш! Сіз тікелей эфирдесіз. Жаңатілек ауылындағы жолдың жайын естідіңіз. Бұл жол қашан жөнделеді?

Бекен ЖАНАХМЕТОВ, БАЯНАУЫЛ АУДАНЫ ЭКОНОМИКАНЫҢ НАҚТЫ СЕКТОРЫ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Бүгінде 32,7 шықырым жолға жобалық-сметалық құжатнама жасалып, НЦЭ-ге берілді. 15-ші июнь күні экспертизасын аламыз. Сосын жаңағы жолға бюджеттік ұсыным жасаймыз жол басқармасына. Облыстың тапсырмасымен жаңағындай жұмыстар жасалып, дайындалып қойды. Енді экспертизаны ғана тосып отырмыз.

Тұрғындардың айтуынша, бұл бір ғана ауылға баратын жол емес. Жаңатілек ауылының ар жағында Қаратомар деген елді-мекен бар екен. Олардың да күйі осы,- дейді. Осы уақытқа дейін неге осы жолдар бірде-бір жөндеу көрмеген?

Бекен ЖАНАХМЕТОВ, БАЯНАУЫЛ АУДАНЫ ЭКОНОМИКАНЫҢ НАҚТЫ СЕКТОРЫ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Осы уақытқа дейін 1 млн, 1,5 млн ақша бөлініп тұрды. Ямочный ремонт дейміз, соны жасадық. Бірақ бір жыл істелсе келесі жылы басқа жерлері ойылып, назарда болмады.

Сұхбатыңызға рақмет! Жол мәселесі тезірек шешіледі деп сенеміз және бұл мәселені өз бақылауымызға алатын боламыз. Естеріңізге сала кетейін, бізбен тікелей байланыста болған Баянауыл ауданы экономиканың нақты секторы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Бекен Жанахметов. Қымбатты көрермен, сізді де алаңдатқан  мәселе болса, экранда көрсетілген байланыс нөмеріне хабарласыңыз! Біз сізбен бірге тікелей эфирде жауабын іздейміз. Заңсыз оқиғалар мен төтенше жағдайлардың куәсі болып жатсаңыз, видео немесе аудио жолдауңызға болады.

Ә. Өмірзақ