Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Алматыда тас-талқаны шыққан жолдан зардап шеккен жұрт наразылыққа шықты

AstanaTV
20.05.2020ж. 20:00
2776
Алматыда тас-талқаны шыққан жолдан зардап шеккен жұрт наразылыққа шықты

Сапасыз жолдың әлегі, қашан таусылады? Алматыдағы «Ұлжан-2» ықшам ауданының тұрғындары осы сауалға жауап іздейді. Олар бүгін жиналып, жылдар бойы күткен жаңа жолдың тас-талқыны шыққанын жеткізді. Айтуларынша асфальт, бір қысқа да шыдамаған. Қазір көшелер шұрқ-тесік, тіпті шұңқырлар да көбейген. Жұрт соның кесірінен жиі құлап, мертігендерін айтты.

Қаладағы «Ұлжан-2» ықшам ауданы көшелерінің негізгі сыйқы осы. Тас жолдың тас-талқаны шығып жатыр. Жұрт алты жылдан бері күткен жолымыз бір жылға жетпей ойылды дейді.

Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:

Мұндағы шұңқырларға жеңіл көліктер мен тұрғындар талай мәрте құлап кеткен. Сондықтан жұрт, балалар шалынып кетпесін деп шамалары келгенше топырақпен беттерін жауып қойған. Кеш батса автокөліктер түсіп кетпесі үшін былайша амалдапты.


Салы суға кеткен бұқара биліктің бейқамдығына қапалы. Өйткені әкімдікке ісін шала атқарған мердігер компанияның ісін қадағалауды талай рет ескерткенбіз деді.

Сұраншы БЕКТЕНОВ, «ҰЛЖАН-2» ЫҚШАМАУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Барлық жерде жол ойылып түсіп кеткен. Шұңқыр, сапасыз. Жолдың кейбір көшелерге бірінші қатарын жүргізіп кетті. Екіншісін әлі жүргізуі керек. Сол бірінші қатар жүргізгеннің өзіне сапасыз, асты ойылып түсіп жатыр.  Аудан әкімдігіне, қаланың әкіміне және жол қатынастары департаментіне қатынас қағаз апарып бергенмін.

Марат ИСАБЕКОВ, «ҰЛЖАН-2» ЫҚШАМАУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бұл жолды жасағанша қалтамыздан талай шығын шықты. Тасты төктік. Знактар қойса ең болмағанда, ондай бәле ештеңке жоқ. 40 деген, пешеход деген, опасно здесь дети деген.


Жұрт ауданда қақпақсыз жатқан кәріз құдықтары мен мынадай қараусыз жатқан жерлер көп деп отыр. Тіпті күрмеуі қиын мәселелер шаш етектен дейді. Жылдары бойы шешімін таба алмай келе жатқанына ашулы.

Ал жергілікті билік шағын аудандағы мәселелерді жақсы біледі. Қаржы қолбайлау екенін айтты. Ал, жол мәселесі елдегі пандемияға байланысты тоқтап тұр деп түсіндірді.

Ертіс БЕСІРОВ, АЛАТАУ АУДАНДЫҚ ӘКІМІ АППАРАТЫ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
 
Жол салуға тапсырыс беруші Алматы қаласы мобильділік басқармасы, мердігер мекеме «Дәулет-Дорстрой» ЖШС. Аталған мәселе бойынша біз аудан әкімшілігі тарапынан хат жолдадық басқармаға. Тез арада шара қолдану жөнінде. 02/03 Осы аптаның аяғында келесі аптаның басында мердігер мекеме құрылыс жолдарын қайтадан жаңғыртуды жоспарлап отыр.

Ал сеніміне селкеу түскен тұрғындар бұдан қайыр болмаса, қайта наразылыққа шығамыз деп отыр.

Ә. Лесбек