Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Биыл Қазақстанда ҰБТ күшейтілген санитарлық талаптарға сай өтеді

AstanaTV
20.05.2020ж. 20:00
2497
Биыл Қазақстанда ҰБТ күшейтілген санитарлық талаптарға сай өтеді

Ұлттық біріңғай тестілеу биыл маусымның аяғы, шілденің басына белгіленді. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов телеграмда жазды. Тестілеу кезінде күшейтілген санитарлық ережелер сақталатынын айтты. Қазір ауқымды шараға дайындық басталған.

Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ:

ҰБТ санитарлық- эпидемиологиялық шаралар күшейтіледі. Түлек емтиханға баррикадты ленталар арқылы кіргізіледі. Олардың арасындағы қашықтық шектеулі сызықтармен сызылады. Әлеуметтік оқшаулаудан басқа да талаптар болады. Аудиториядағы тест тапсырушылардың санын шектейміз. Шамамен 2-3 есеге қысқартамыз.


Сонымен бірге түлектерге медициналық бетперде тағу да міндеттеледі. Ауаны зарарСыздандыратын желдетКіштер жүйесін орнату да қаралып жатыр, деді министр. Ал мектеп бітірушілер құжаттарын тек электронды түрде ғана тапсыратын болды. Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, бүгінде 131 мың түлек қағаздарын жолдап үлгерген.

А. Қуаш