Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

«Nur Suńqar» байқауына өтінім қабылдау басталды

AstanaTV
20.05.2020ж. 20:00
1575
«Nur Suńqar» байқауына өтінім қабылдау басталды

«Nur Otan» партиясы журналисттерге арналған дәстүрлі «Nur Suńqar» байқауына өтініш қабылдауды бастады. Биыл 9 аталым бойынша жеңімпаздар анықталмақ. Олардың арасында: газет, телеарна, радио үздіктерінен бөлек, төтенше жағдай кезінде қажырлы еңбек еткендер - "Алғы шеп", волонтерлық жұмыстарды үздік жеткізгендер - "Біз біргеміз" аталымдарымен марапатталмақ. Сондай-ақ, "Елбасы салған сара жол" номинациясы да бар. Байқауға қатысу үшін өтінімдер маусымның 18-іне дейін жалғасады. Ал, жеңімпаздарды ақшалай жүлделер мен бағалы сыйлықтар күтеді.

А. Данияр