Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Атырауда жоғалған сәби ауласындағы кәріз құдығынан табылды

AstanaTV
22.05.2020ж. 20:00
4532
Атырауда жоғалған сәби ауласындағы кәріз құдығынан табылды

Атырауда есік алдына шығып, жоғалып кеткен бір жарым жастағы сәбидің, денесі табылды. 20 мамыр күні күндізгі сағат 1-лер шамасында бөбек үйінің маңынан жоғалып кеткен еді. Іздестіру жұмыстарына мыңға тарта адам жұмылдырылып, сол маңдағы барлық көше мен құдықтар тексерілген болатын. Ал, бүгін есік алдындағы кәріз құдығынАн баланың денесін құтқарушылар шығарып алды. Енді мәйітке сот-медициналық сараптама жүргізілмек.

Әділхан БАЙДОСОВ, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қылмыстық іс бала жоғалған кезде қозғалған болатын іздестіру бойынша. Қазір енді жедел тергеу жұмыстарын аяқтап болғаннан кейін тиісті шаралар яғни медициналық сараптамалар өткізіледі. Соның нәтижесін барып шешім қабылданады.

Б. Надирқызы