$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Бөгенбай батыр даңғылындағы көпір қашан ашылады?

AstanaTV
22.05.2020ж. 20:00
3341
Бөгенбай батыр даңғылындағы көпір қашан ашылады?

Бөгенбай батыр даңғылындағы көпір қашан жөнделеді? Елордада  "апатты" деп танылып, осыдан 5 ай бұрын бір бағыТы жабылған өткелде, әлі күнге бірде-бір Қадау қағылмаған.

Айя МҮТӘЛІ, ТІЛШІ:


Бұл темір жол жолағының үстінен салынған елордадағы ірі көпірлердің бірі. Жан-жағында сауда орталықтары бой көтерген. Сондықтан болса керек, мұнда жол қозғалысы үзілмейді. Арлы берлі қатынап жүрген жеңіл мәшине мен жүк көліктерінен көз сүрінеді. Көлік жүргізушілері таңғы немесе кешкі қарбалас уақытта тіпті, сағаттап кептелісте тұруға мәжбүр. Ал жөндеу жұмыстарын жүргіземіз деп, бір жолақты жауып тастағаны жағдайды мүлдем қиындатып жіберіпті.

Қала әкімдігі мұндағы жол қозғалысына 16-шы қаңтардан бастап шектеу қойған. Одан бері 4 ай өтсе де, жағдай сол күйі қалып отыр. Көпір маңындағы қызу жұмысты көрген тірі жан жоқ.

БЛИЦ:

- Ештеңе істеп жатқан жоқ. Көрмейсің істеп жатқанын. Просто ана блок тастарды қойып тастады. Постоянно пробка. Кептелісте тұрамыз.

- Қазір көліктер аз ғой. Ал базар күндері вообще көбейіп кетеді ғой. Сондай. Жұмыс жүріп жатыр деп ойламаймын. Жаңа өттім. Ешқандай жұмысшы жоқ. Ортасын бөліп тастаған.

- Бір апта алдын жүрген сол жерде рабочийлары, мәшинелері. Ал былай көрген жоқпын.

- Пробка ғой постоянно. Не ары өте алмайсың. Не бері өте алмайсың.


Шаһар басшылығы осыдан 2 ай бұрын бұл маңда жоба әзірлеу жүріп жатқанын айтқан болатын. Сол кезде жөндеу жұмыстарын сәуірде бастаймыз деп уәде еткен еді.

Руслан АБДУАЛИЕВ, НҰР-СҰЛТАН қ. "КӨЛІК ЖӘНЕ ЖОЛ-КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ" ММ БӨЛІМ БАСШЫСЫ (12.05.2020):

Жөндеу жұмыстары емес қазіргі уақытта ол жерде зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы сәуір айының соңына дейін жүргіземіз содан кейін бізде жөндеу жұмыстары басталады.

Әкімдік қағазбасты жұмыстардың созылып жатқанын айтты. Сондықтан тағы да күту керек деп отыр.

Руслан АБДУАЛИЕВ, НҰР-СҰЛТАН қ. "КӨЛІК ЖӘНЕ ЖОЛ-КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ" ММ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Өндірістік жұмыстар, яғни, құрылыс жұмыстары мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін, басталады. Болжам бойынша, сараптаманы шілде айында аламыз деген жоспар бар.

Әйткенмен де, жергілікті билік жұмысты уәде етілген мерзімде аяқтаймыз деп отыр. Көпірді қазан айының соңында толықтай пайдалануға береміз деп сендірді.

А. Мүтәлі