Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Атыраулық шаруалар Президент ұсынған көмекті ала алмай отыр

AstanaTV
25.05.2020ж. 20:00
1779
Атыраулық шаруалар Президент ұсынған көмекті ала алмай отыр

Атыраулық шаруалар Президент ұсынған көмектен қағылған. Ел аумағында жарияланған төтенше жағдайға байланысты, мемлекет басшысының жанар-жағар майды шаруаларға 15 пайыз жеңілдікпен берсін деген тапсырмасы аймақта орындалмаған. Жеңілдіктен қағылғандар арнамызға хабарласып, шағымданды. Тараптарды тындаған әріптесімнің репортажы.

Владимир Розметов ауыл шаруашылығының барлық түрімен айналысады. 15 жылдан бері ризығын жер-анадан тапқан ол жергілікті ақ жағалылардың кесірінен шаруаларға берілген жеңілдіктен қағылдым деп отыр. Айтуынша, көктемгі егіс жұмысына 15 пайыз арзан бағамен ұсынған жанар-жағар майды ала алмаған.

Владимир РОЗМЕТОВ, ШАРУА:

Жалпы ауыл шаруашалыққа көктемгі дала жұмысатыран кетеді жанар май. Жыл сайын 40 аламыз. Біз қуандық. Сразу ауыл шаруашылығы басқармасына сұранысымызды бердік. Мысалы, маған 40 тонна солярка керек. Соны бердік. Жауабын күттік. Бір ай күттік, екі ай күттік. Ақырында жауабы келді. «Солярка Атырау облысына бөлінген жоқ. Берілмейді, күзде береміз»,- дейді. Күзде соляркамен не егеміз?

Жұмсақ креслодағыларды егіс алқабындағылардың жағдайы алаңдатпайды,- дейді шаруа. Себебі сәуір айының басында жазған сұранысқа әкімдіктегілер жауап беруге асықпаған. Тек фермер қайта-қайта қоңырау шалған соң мамыр айының ортасында жауап келіпті.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Шаруашылыққа көктемгі егіс жұмыстар үшін кем дегенде 40 тонна дизель отыны керек. Шаруагер оның 1 литрін 182 теңгеден алып отыр. Өзге өңірдің шаруалары қызығын көрген жеңілдетілген баға біздер үшін арман ғана,- дейді.


Әкімдік өкілі биылғы көктемде атыраулық шаруалар арзан дизель отынын алмағанын растады. Себебі сұраныс жоқ екенін жеткізді. Оған шаруа иелерінің өздері кінәлі деп отыр. 

Қайрат НҰРЛЫБАЕВ, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

 
Біз биылғы 2020 жылға дизель отыны болмауы себебі біз облысқа сұраныс берген жоқпыз. Жаңа айттым сұраныс азайып келе жатты. Енді  басқа шаруашылықтар тарапынан сұраныс болған жоқ. енді біз  күзгі жиын-терім жұмыстарына сұраныс жинап жатырмыз.


Ал Владимир Розметов жыл сайын көктемде дизель отынын арзан бағада алып келгенін айтады. Бірақ биылғы жылдағы 15 пайыз жеңілдік шаруашылықтың біраз жұмысына көмек болар еді,- дейді өкінішпен.

Б. Надирқызы