Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

БҚО-да 2 балабақшаның қызметкерлерінен коронавирус анықталды

AstanaTV
25.05.2020ж. 20:00
2746
БҚО-да 2 балабақшаның қызметкерлерінен коронавирус анықталды

Батыс Қазақстан облысында балабақшалар жаппай жабылды. Оған мекемедегі қызметкерлерінен коронавирус анықталғаны себеп болған. Бұл аздай, қалалық білім бөлімі мен мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері және блок-бекеттегі полицейлерден де аты жаман ауру жұқтырғандар табылған. Елдегі жағдайды бақылап отырған әріптесім Асылек Данияр тақырыпты толықтырады.

Батыс Қазақстан облысында карантин мерзімі 15 маусымға дейін ұзартылды. Ел ішінде таралған ылаңға бой алдырғандардың саны артқан. Бүгінде 414 адам індетті жұқтырыпты. Олардың 15-і жасы 14-ке толмаған балалар. Облыс орталығындағы қызметкерлерінен коронавирус табылған балабақшалар жұмысын тоқтатты. Денсаулық сақтау мамандары індет анықталған 4 бірдей емхананың карантинге жабылғанын айтты.

Нұрлыбек МҰСТАЕВ, БҚО БОЙЫНША ТАУАРЛАР ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Оралдағы эпид жағдай тұрақсыз. Балабақшаның екі қызметкері коронавирус жұқтырған соң, қаладағы барлық балабақшалар бірден жабылды. Емхана қызметкерлерінің де науқастармен байланыста болғаны анықталып, бұл мекемелерде де карантин жарияланды. Егер тест теріс нәтиже көрсеткен жағдайда емхана қайта ашылатын болады.

787 жұмысышысы Covid-19 инфекциясын жұқтырған «Теңіз» кенішінің өндірісі тоқтамайтын болды. Компнаия өкілі бүгінгі брифингте осыны мәлімдеді. Алайда қауіпсіздік басты назарда деген ол өндіріс аумағынан 18 мыңнан астам адамның уақытша шығарылғанын жеткізді. Дегенмен қазірдің өзінде әлі 420 мердігердің 21 мыңдай жұмысшысы Теңіз кенішінде жұмыс істеп жатыр.

Рзабек АРТЫҒАЛИЕВ, «ТЕҢІЗШЕВРОИЛ» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС ЖӨНІНДЕГІ БАС МЕНЕДЖЕРІ:

"Теңіз" кешінінен бүгін 18 мың 500 адамды уақытша шығардық. Адам көп жерде вирус тез тарайды. Сол үшін адам санын азайту керек болды. Жалпы кеніште маңызды жұмыстар жалғаса береді. Қазір жұмыс тоқтаған жоқ. 

Тәуекелге бел буған компания жұмыстан уақытша шеттелгендердің жалақысы сақталатынын айтады. Ал, науқастанып жатқандараға өтемақы төлеу жайында тіс жармады.

Рзабек АРТЫҒАЛИЕВ, «ТЕҢІЗШЕВРОИЛ» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС ЖӨНІНДЕГІ БАС МЕНЕДЖЕРІ:

Біздің бас директор хабарлады. Егер вахтада болатын болса, бізде вахта 28, 14 күн. Егер де вахталық мерзімінен асатын болса, онда 1,5 коэфицентпен төленеді жалақысы. Вахтаға келе алмаған адамдар бар. Олардың жалақысы сақталынады.

Республика бойынша COVID-жұқтырғандары саны 8 жарым мыңнан асты. Науқастардың жартысынан көбі емделіп, үйілеріне қайтты. Дегенмен қазір дерттің өсу деңгейі - 2,5 пайызды құрайды.

Асылбек ДАНИЯР, ТІЛШІ:

Мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің жаңа қаулысына сәйкес Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында індеттің жұқтыру 7 пайыздан асса қала 1 аптаға карантинге жабылады. Сондай-ақ қоғамдық көліктердің қозғалысы тоқтап, базарлар мен сауда, ойын-сауық орталықтары жабылатынын хабарлады.

А. Данияр