Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

42 500 теңге ала алмаған азаматтардың өтініші қайта қаралады

AstanaTV
25.05.2020ж. 20:00
4142
42 500 теңге ала алмаған азаматтардың өтініші қайта қаралады

42 500 теңге ала алмаған азаматтардың өтініші қайта қаралатын болды. Ол үшін аудандық, не қалалық штабқа өтініш берсеңіз болады. Бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осыны хабарлады. Қайта өтініш беру үшін қандай құжаттар тапсыру қажет? Әлішер Өмірзақ біліп қайтты.

Алматылық Индира Өсербайқызының жұмысы Қытайда коронавирустың алғашқы құрбандары анықталғанда тоқтаған. Себебі ол Аспан асты елінен құрылыс материалдарын елге әкелетін компанияда бухгалтер болған. Наурызда 42 500 теңге алған, бірақ сәуір түспепті. Қазір Қазақстанда төтенше жағдай режимі алынып, көп компаниялар жұмысы қайта жанданды. Бірақ Индира қызмет ететін компания Қытаймен шекара ашылмай жұмысын бастай алмайды.
 
Индира ЗИЯХАНОВА, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

16, 17, 18 мамыр күндері әрқайсымызға екінші рет төлем болмайды, өйткені сіздердің компанияларыңыздың бюджетке төлемі жоқ деген хабарлама келді. Сондықтан біз «отказ» келгеніне байланысты екінші төлемді сұраймыз деп Алматы әкімдігіне хат жазып жібердік. Енді соның жауабын күтіп отырмыз.

Ал бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 42 500 теңге ала алмаған азаматтардың өтініші қайта қаралатынын хабарлады. Ол үшін жұмыстан шығып қалғаныңызды немесе ақысыз еңбек демалысына жіберілгеніңізді растайтын құжаттар болуы шарт.

Бауыржан БЕЙСЕНБАЕВ, ҚР ЕХӘҚМ ЕҢБЕК, ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ КӨШІ-ҚОН КОМИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:

Жеке практикамен шұғылданатын нотариус, адвокаттар болсын өздері штабқа өтінім бере алады. Және де өтінім берген сәтте тиісті құжаттады көрсетуі керек: мемлекеттік кіріс кабинетінен декларациясын өткізуі керек және табысынан айырылғаны жайлы анықтаманы беруі керек. 

Сондай-ақ сіз кәсіпорында жұмыс істеген болсаңыз өтінімді атыңыздан жұмыс беруші береді. Өтінім желтоқсанның 1-не дейін қабылданады.

Ә. Өмірзақ