Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Алматыдағы алып цех өртенді

AstanaTV
26.05.2020ж. 20:00
1500
Алматыдағы алып цех өртенді

Алматыда жиhаз шығаратын цех өртеніп, артынша жарылыс болды. Абырой болғанда адамдар дін аман. Десе де төтенше жағдай мамандары өрттің күшті болғанын айтады. Тіпті тікұшақ жалдамақ болған. Алып ғимараттағы өрт таңғы сағат 5-тер шамасында тұтанған. Оқиға куәгерлерлері бірден өрт сөндірушілерге хабарласып, жапсарлас салынған тұрғын-үйлерді босатуға көшкен. Өрттің жалпы аумағы 970 шаршы метрді құраған.

Әділет ӘСПЕТОВ, КУӘГЕР:


Мен өзім осы маңда жұмыс жасаймын. Жұмысқа келе жатып, бұл жерден қалың қара түтінді көріп, бірден өрт сөндірушілерге хабарластым. Сөйтіп маңайдағы тұрғындарды оятып, үйлерінен шығуын өтіндім. Құдай сақтап, өрт сөндірушілерде дер кезінде келіп, өртті ауыздықтады.


Гүлдана НҰРЫМБЕТОВА, АЛМАТЫ қ. ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

 
Атқарылған жұмыстың нәтижесінде өрттің ошағы таңғы 6:00 да яғни 40 минуттың ішінде ауыздықталып, 7 минут 11-де толығымен жойылды. 01/46 Оқиға орнында 65 адам, 19 бірлік техника жұмыс істеді.


Ә. Лесбек