Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

«Қазақмыс» корпорациясының 300 жұмысышынан коронавирус анықталды

AstanaTV
26.05.2020ж. 20:00
2236
«Қазақмыс» корпорациясының 300 жұмысышынан коронавирус анықталды

Қарағанды облысындағы "Қазақмыс" корпорациясының 300 жұмысшысынан коронавирус анықталды. Бұл ақпаратты облыс әкімі Жеңіс Қасымбек растады. Жалпы аймақ бойынша 660-тан аса жағдай тіркелді. Сонымен қатар, эпидемиологиялық жағдайдың қиындағанынан қарамастан  отбасылық жиындар өткізіп жатқандар да бар. Әріптесім Асылбек Данияр тақырыпты жалғастырады.

Теміртаудағы «Қазақмыс» корпорациясының "Нұрқазған" кеніші карантин аяқталғанша жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды. Кәсіпорынның қызметкерлері арасында індеттің таралауы күннен-күнге күшейген. Енді компания жұқпалы дертті ауыздықтау үшін бар күшін салып, жедел шараларды қолдануға кірісіпті.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ӘКІМІ:


Нұрқазғанда 300-ден астам адам ауруды жұқтырған. Жұмысшылардың өздері және олардың отбасы мүшелерінде бақылауға алдық. Күн сайын бірнеше жағдай расталып жатыр. Ол мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдардың жұмысшылары және кеншілердің туыстары. Біз карантиннен кейін вахталық әдіспен 14-15 күндік жұмысқа ауыстыруды жоспарлап отырмыз.

Той десе қу бас домалайды демекші, Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының тұрғындары карантинге қарамастын отбасылық мерекені жасырын түрде өткізген. "Өкінікше қарай, қонақтардың арасында кеселді жұқтырған азаматтарда болған" , - дейді облыс әкімі.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ӘКІМІ:

Бұқаржырау ауданында мерекелік жиын өткізген үйде 27 адам болған. Олардың барлығынан COVID-19-ға сараптама жүргізіді. Нәтижесінде коронавирустық инфекция 7 қонақ пен үй қожайынынан анықталды.

Ал, желіде тараған бұл кадрдағы жас жұбайлар Шымкент қаласының тұрғындары. Ғаламторда қызу талқығы түскен видеоны құзырлы органдар фотосессия екенін жеткізді.

ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ:

Бетпердесіз жүріп, карантин режимін бұзғаны үшін полиция қызметкерлері ол азаматтармен профилактикалық сұхбат жүргізіп, түсініктемелерін алған. Оларға қатысты заңды шешім қабылдау үшін жинақталған әкімшілік іс-құжаттар санитарлық-эпидемиологиялық қызметіне жолданатын болады.


Маусым айында елорданың қала маңына қатынайтын жолаушылар автобустары жолға шығуы мүмкін. Әрине, бұл вирус көрсеткішінің төмендеуіне байланысты болмақ. Әкім Алтай Көлгінов көп мазалаған блок-бекеттің қашан ашылатынын айтты.

Алтай КӨЛГІНОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМІ:


Мамырдың соңына дейін блок-бекеттер алынбайды. Айдың соңына таман бұл туралы тағы да қосымша хабарлаймыз. Жағдай толық бақылауда.

Республика бойынша COVID-19-ды жұқтырғандардың жалпы саны 9000-ға жуықтады. Бір тәулікте 438 жағдай тіркеліп, рекордық көрсеткіш көрсетті. Өсім 5,1 пайызды құрады. Танымал Яндекс парталында әлемдік сарапшылар карантинге бағынбайтын қалалар тізімін жасапты. Топ ондықтың қатарында Нұр-Сұлтан үшінші орынан бой көрсетті. Ал дүниежүзінде пандемияны 5 жарым милионнанн астам адам жұқтырғаны белгілі болды.

А. Данияр