$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Атырауда жаңа туған сәбиді мұздатқышқа салу оқиғасына қатысты сот процесі басталды

AstanaTV
27.05.2020ж. 20:00
3220
Атырауда жаңа туған сәбиді мұздатқышқа салу оқиғасына қатысты сот процесі басталды

"Құжатта кеткен қатені түзеуге ерініп, шақалақты тірідей мәйтханаға салып жіберді" деп күдікке ілінген атыраулық дәрігерлерге қатысты сот процесі басталды. Істі болған бес дәрігердің үшеуі абақтыда отырған соң, сотқа онлайн қатысты. Байланыстың нашарлығынан отырыс бірнеше мәрте үзілді. Атыраудағы даулы сот отырысынан тілшіміздің бейнематериалы.

Күдікке ілінген бес дәрігер соты у-шумен басталды. Бас дәрігер Қуаныш Нысанбаевтың адвокаты журналистердің түсіріліміне үзілді-кесілді қарсы шықты. Ақыры ұзақ талқылаудан кейін рұқсат берілді. Алайда, күдіктілердің бет әлпеті көрсетілмесін деген талап бар. Еске сала кетейін. Бес дәрігер, "Құжатта кеткен қатені түзетуге ерініп жаңа туған шақалақты мәйтханаға жіберді", деген күдікке ілінген еді. Үшеуі тергеу абақтысына қамалды. Сот процесіне олар онлайн қатысты. Алайда, байланыстың нашарлығынан сот отырысы бірнеше рет үзілді.

Абақтыда отырған дәрігерлер де сот процесін толық қанды ести алмады. Себебі, микрофон тек судьяның алдына қойылған. Ал, прокурор, адвокат және аудармашылар жалғыз микрофонға кезектесіп сөйлеуге мәжбүр болды. Бұл келеңсіздік адвокаттарға жақпады.

Бақберген АЙТМАМБЕТОВ:
 
Следственный изоляторға барып, сотты өткізсе деп ойлаймыз. Себебі дистанционный отырғанда жартысын естіп, жартысын естімей сот процестің негізіндебүкіл мәні болмайын деп отыр. Қазіргі жағдайда олар отыр меңіреу адамдар сияқты. Біз оларды есітімейміз.


Жамбыл МҰҚАШЕВ, АДВОКАТ:


Бәріміздің алдымызда бір бір микрофоннан тұр бірақ  сотталушылар естімейдіөзіміз жауап беріп, өзіміз шешіп жатырмыз мына жерде. Сол себепті қарсылық білдіремін. Хаттамаға енгізуді сұраймыр. Сот процесін кейінге қалдыруды сұраймын. Объективті және жан-жақтылықты қамтамасыз ету үшін. бұл процесс емес, себебі сотталушылар қайта қайта айтты біз естіген жоқпыз, естіген жоқпыз деп. +Қазір аса ауыр қылмыс жасады деп айцыптап отырғаннанк кейін сот процесін мүмкіншілік жоқ деп олардың құқықтарын шектеумен ойлаймын заңсыз деп.

35 жастағы Қуаныш Нысанбаевтың үсітінен 8 қылмыстық іс қозғалан. Оның ішінде адам өлтіру фактісі, бюджет қаржысын талан-таражға салу, пара беру, пара алу және қызмет бабын асыра пайдалану сияқты айып бар. Ал, жаңа туған нәрестеге қатысты қылмыс өткен жылдың қыркүйегінде айында тіркелген. Қоғамдық даудан кейін облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк Аймурзиева өз екміен жұмыстан кетті.

Б. Надирқызы