Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Ақтөбенің Шилісай ауылының тұрғындары блок бекетті алып тастауды талап етуде

Ақтөбенің Шилісай ауылының тұрғындары блок бекетті алып тастауды талап етуде

Жол бойындағы бекет тағы бір ауылдың қытығына тиді. Ақтөбедегі Шилісай ауылының тұрғындары, "Өркениеттен ажырап қалдық", деп шу шығарды. Облыс орталығының іргесінде тұрған елді-мекен, азық-түлік ала алмай дал болып жүр. Ауылдағы ағайынның мұң мұқтажын тілшіміз Бақыт Рахметова тыңдап қайтты.

Бақыт РАХМЕТОВА, ТІЛШІ:


Бұл Шилісай ауылында елу шақты отбасы тұрып жатыр. Ауылда не дүкен, не бірде бір дәріхана жоқ. Халық қажеттілігін алу үшін блок бекеттен өтіп қалаға бару тиіс.

Ал, оған арнайы рұқсат қағаз керек. Бүгінге дейін азық-түлікті ауылға қаладағы туыстары жеткізіп беріп жүрген. "Шыдамның да шегі бар". Тұрғындар, "Бекет алынсын" деген талап қойды.

Бердібай ҚҰТАНОВ, ШИЛІСАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Документ сұрайды ғой. Қаланы көрмегелі екі ай болды. Міне мына жерден балдарым тамақ әкеледі. Мына жаққа алып кетемін. Как заключенный есебінде ғой. Былайша.


Нұрлан ҚАСЫМОВ, ШИЛІСАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Пленда отырған сияқтымыз. Иә онда жоқ. иә мында жоқ. Ешқандай аптека жоқ, дүкен жоқ. Су жоқ. Суды қалаға барған сойын таситын едік. Бір колонка қосып еді. Жазға қарай ол слабый болып қалды.

Ауылды - өркениеттен бөлген жалғыз бекет емес. "Онлайн өмір" - мұнда бұрыннан жоқ. Мектеп оқушылары сабақты осы күнде үйдің шатырынан қарап жүр.

Жұмаш ДӘРІБАЕВА, ШИЛІСАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Интернет жоқ. Балдар деген қыстай шаққа оқып шықты. Бізге осы постты алып тастаса екен деп тілейміз.

Ертарғын МҰХАМБЕТҚАЛИЕВ, ШИЛІСАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Екінші топтың мүгедегімін. Айсайын дәрі алу керекпін.Өткен сайын айқай мына жер. Бесплатно алу керекпін. Төрт балам бар. Барлығы қалада тұрады. Ал балаларымды өткізбейді. Бұл қалай болды сонда?! Ал велосипедпен мен қашағы продукті таси аламын.


Елід мекенде жеке үй құрылысына 1,5 мың жер телімі бөлінген. Алайда, үй салған ағайын жүзге жетпейді. Құрылыс тоқтап тұр. Қаладан материал жеткізу мүмкін емес.

Ауыл тұрғындарының жан-айқайы жергілікті шенеуніктердің құлағына жетті. Алайда, мәселе бүгін ертең шешілмейтін сияқты.

Бақұзақ ДАРИН, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ АЛМАТЫ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Шилісай елді мекені арқылы далалық жолдар көп.Әрмен қарай шығып кетуге болады. Айналма жолдар мына жер нағыз тиімді. Оны көшіру не жылжыту не блок бекетті ашу облыстық не қалалық штабтың құзырында емес. Ол жоғары жақтағы министрліктің құзырында.


Бекеттің қашан алынатыны белгісіз. Дегенмен әкімдік, "азық-түлік алатындар бекеттен кедергісіз өтеді", деген уәде берді.

Б. Рахметова