Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Қателік жасаған дәрігерлерге қарастырылған қылмыстық жауап қайта қаралады

AstanaTV
27.05.2020ж. 20:00
2036
Қателік жасаған дәрігерлерге қарастырылған қылмыстық жауап қайта қаралады

Дәрігерлер қателік жасағаны үшін қарастырылған қылмыстық жазалау жүйесі қайта қаралады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында айтты. Оған себеп елде дәрігерлердің заңсыз әрі әділетсіз қылмыстық қудалауға ұшырауы. Жаңа жүйені әлемнің дамыған елдерінің тәжірибесіне сүйене отырып құру ұсынылды.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Әрине, жоғарыда айтылғандар дәрігерлерден азаматтардың өмірі мен денсаулығына жауапкершілігін алып тастамайды. Бірақ, мұндай жауапкершілік әлемнің дамыған елдеріндегідей әкімшілік және азаматтық-құқықтық болуы тиіс. Кәсіби қызметіне кепілдік беруді қоса алғанда, медицина қызметкерлерінің заңды және қаржылай қорғануы әрі жауапкершілігі жүйесін әзірлеп, енгізуді тапсырамын.

Сондай-ақ отырыста білім беру мәселесіне да жіті назар аударылды. Мәселен бұл салаға бөлінетін қаражаттың жетіспеушілігі. Қазақстанда бір балаға жылына мың доллардан аз қаражат бөлінеді екен. Ал, PISA рейтингіндегі үздік ондыққа кіретін елдер жылына 10-14 мың доллардан бөледі екен.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:


Мектепке жақсы жабдықталған және бала саны аз сыныптар қажет. Ол үшін де бірқатар қадам жасалды. Мемлекеттік білім беру бағдарламасы бойынша 2025 жылға қарай 650 мыңнан астам орындық 800 жаңа мектеп тұрғызылады. Ауылдық мектептерге 114 интернат пен 700-ден астам спорт залдары салынбақ.


Ә. Өмірзақ