Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Ақтөбеде қала іргесіндегі үш ауылдың тұрғындары бір жетіден бері ауыз сусыз отыр

AstanaTV
28.05.2020ж. 20:00
3509
Ақтөбеде қала іргесіндегі үш ауылдың тұрғындары бір жетіден бері  ауыз сусыз отыр

Ақтөбеде қаланың іргесінде тұрған үш ауыл ауыз суға зар болып отыр. Көлігі барлар қалаға қатынап дүкеннен су сатып алып жүргендеріне бір аптадан асқан. Аптап ыстықта 4 мың тұрғын неге сусыз қалды? Арнаулы тілшіміз Бақыт Рахметова біліп қайтты.

Бауырластар -2 ауылының тұрғыны Әділжанның Кереевтің, қаладан су тасып жүргеніне бір жетіден асты.

Әділжан КЕРЕЕВ, БАУЫРЛАСТАР-2 АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Жуыну керек. Ішу керек мысалы. Тамақ дайындау керек. Ауыз суда жоқ.

Аптап ыстықта сусыз отырған үш ауыл бар. Бауырластар-1, Бауырластар-2 және Сазды-2 елді мекендерін қосқанда 4 мың тұрғын ауыз суға зәру.

Надира СЕЙІТЖАНОВА, БАУЫРЛАСТАР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Бізде деген қаңғып жүр. Су вообще жоқ. Қазір деген жаздың кезі ғой. Балдарымызды жуындырмаймыз ба?! Ауыз судың өзі тапшы болып тұр.


Ақмарал АЙНАЗАРОВА, БАУЫРЛАСТАР-1 АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Сөздің шыны керек. Бүгін таңертең водовозбен су таратып жатыр. Бұл не деген масқара! Таратып жатқаны 100 литр су ол не болады?!


Аудан әкімдігі келтірген деректерге сенсек, ауыл тұрғындары суды әдеттегіден үш есе артық пайдаланатын болған. "Ауыз суды бау-бақшаға бекер кетіріп жатқандар көп", дейді жергілікті билік өкілдері.

Жандос АҚЫНОВ, БАУЫРЛАСТАР-1 АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бір жеті болды су жоқ. Огород егіп, егістікке су пайдаланып отқан адам жоқ. Ауыз су жоқ. Ақбұлаққа звондасақ диспетчері телефонды қоя салады.

Нұртай ИБРАГИМОВ, БАУЫРЛАСТАР-1 АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Осы насоста болып тұр. Осы водозабордағы судың қуатылығы азайып қалған. Болмаса болатын себебін Ақбұлақ айтпай отыр.

Аудан басшылығының айтуынша, су мәселесі күн тәртібінде. Жуырда шешілуі тиіс.

Алмаз ЖАҚСЫЛЫҚОВ, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ АСТАНА АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНСАРЫ:

Есептелген қуатылығы судың негізі толығымен қамтамасыз етуге тиісті. Қазіргі таңда мамандар сөйлесіп тапсырма берілді. Енді жағдайды қалыпқа келтіруге барлығы жұмыстанатын болады. 


Бақыт РАХМЕТОВА, ТІЛШІ:

Әкімдіктегілер арнайы мамандармен рейдке шығып, мәселе толықтай зерделемек. Тек содан кейін ғана бұл ауылдарды ауыз сумен қамтамасыз ету жолдары қарастырылатын болады.

Б. Рахметова