Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Степногорск қалалық емханасы апатты жағдайда тұр

AstanaTV
28.05.2020ж. 20:00
3123
Степногорск қалалық емханасы апатты жағдайда тұр

Ақмола облысы, Степногорск қаласының тұрғындары қаусап тұрған емханада ем қабылдауға мәжбүр. Шатыры "шайқалған" емхананың төбесінен су аққалы 3 жыл болды. Редакциямызға хабарласқан қала тұрғыны аурухана қабырғалары құлауға шақ тұр,- дейді. Айтуынша жауын-шашында төбеден сорғалаған судан аяқ басып жүру мүмкін емес. Жөндеу жұмыстары емханада соңғы рет 12 жыл бұрын жүргізілген. Тұрғындар жергілікті әкімдікке бірнеше мәрте шағымданыпты. "Баяғы жартас сол жартас"

Даниял БИСЕКЕНОВ, СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Акимат ешқандай жауап бермейді. Ештеңе істемейді. Құлап, су ағып жатқанына қарамайды да. Біз адамбыз ғой, мал емеспіз ондай жерге баратын. Кіргенде сау күйде барып, инвалид болып шығудан қорқамыз.

Амина ЖҰМАМҰРАТ, ЖҮРГІЗУШІ:

Міне өздеріңіз көріп тұрғандай медициналық қызметкерлердің өзі төбесі тесік емханадан шаршапты. Дәл қазір осы мәселенің түйіткілі қашан және қалай шешілетінін анықтау үшін аурухана басшылығына хабарласып көрейік. Бізбен байланысқа Степногорск қалалық емханасының заңгері Самал Ермағанбетова шығып отыр екен. Самал ханым, қайырлы кеш! Тұрғынның арызын естідіңіз, бейнероликті де көрген боларсыз. Шатыр қашан жөнделеді?

Самал ЕРМАҒАНБЕТОВА, СТЕПНОГОРСК КАЛАЛЫҚ ЕМХАНАСЫНЫҢ ЗАҢГЕРІ:

Аурухана құрылысымен айналысқан мердігерлік компания өкілдері қазір жоқ екен. Қазір кезде өз қаражатымызбен шатырдың жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отырмыз. Жуық арада барлық мәселе шешіледі деп сенеміз.

Амина ЖҰМАМҰРАТ, ЖҮРГІЗУШІ:

Хабарласқан азамат тіпті облыс әкімшлігіне де арыздандық деп отыр. Алайда олардан да мардымды жауап алмапты. Сіз де өзіміз қаржы жинап жөндейміз деп айтып жатырсыз. Оның сапасын кім тексереді? Емхананың тек шатыры емес, қабырғаларын да жөндеу керек сияқты. Толыққанды жұмыс қашанға жоспарлануда? Емделушілер тұрмақ, қызметкерлер де қауіпті жерде жүр ғой.

Самал ЕРМАҒАНБЕТОВА, СТЕПНОГОРСК КАЛАЛЫҚ ЕМХАНАСЫНЫҢ ЗАҢГЕРІ:


Әзірге карантин уақыты аяқталғанға дейін күтуге мәжбүрміз. Қабырғаларға да толық жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарда бар. 15 маусымға дейін барлығын аяқтаймыз деп уәде бере аламын.


Амина ЖҰМАМҰРАТ, ЖҮРГІЗУШІ:

Сұхбатыңызға рақмет! Бізбен байланыста болған Ақмола облысы, Степногорск қалалық емханасының заңгері Самал Ермағанбетова. Хабарласқан көрерменнің мәселесіне жергілікті билік атүсті қарамайды деп ойлаймыз. Біз бұл мәселені өз бақылауымызға аламыз. Қымбатты көрермен, сізді де мазалаған проблема болса, экранда көрсетілген байланыс нөмеріне хабарласыңыз! Біз сізбен бірге жауабын тікелей эфирде іздейміз. Заңсыз оқиғалар мен төтенше жағдайлардың куәсі болсаңыз, видео немесе аудио жолдай аласыз. 

Ғ.Өтемісов