$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Коронавирус қашан бітеді?

AstanaTV
28.05.2020ж. 20:00
8903
Коронавирус қашан бітеді?

COVID-19 коронавирусын жұқтыру дерегі азаймай тұр. Соңғы тәулікте ғана еліміз бойынша 272 адамнан қатерлі індет анықталды. Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, күнделікті вирустың өсім көрсеткіші 2,9 пайызды құраған. Ем қонған азаматтар саны 155 ададмды құрады. Сонымен Қазақстанда расталған жағдай 9600-ге жуықтады. 4900-ге тарта адам кеселден айықты. Өкінішке қарай, 37 қайтыс болу фактісі тіркелді. Әлемде де ахуал ушығып тұр. Дүниежүзінің 5 жарым милионнон аса тұрғыны жұқпалы дертке шалдыққан. Вирус 360 мыңдай адамның өмірін қиды. Дерттен айыққандар қатары 2 жарым миллион адамнан асты. Пандемиядан енді ес жия бастады деген Оңтүстік Кореяда коронавирусты жұқтыру қарқыны қайта күшейе түсті. Бүгінгі мәлімет бойынша мұнда 80-ге жуық жағдай тіркелген. Оның 11-і шетел азаматтары. Жалпы мұнда науқастардың саны 11 мың 500 ге таяды.

Парк НЬЮН ХУ, ОҢТҮСТІК КОРЕЯ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:


Ертеңнен бастап 14 маусымға дейін, Сеулде карантиндік шараларды күшейту туралы шешім қабылданды. Адам көп жиналатын нысандардың жұмысы тоқтатылды. Сонымен қатар саябақтар, мұражайлар, театрлар 2 аптаға жабылады.


А. Данияр