Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қоғамдық көлікті мас күйінде басқарған жүргізуші ұсталды

AstanaTV
01.06.2020ж. 20:00
3146
Қоғамдық көлікті мас күйінде басқарған жүргізуші ұсталды

Қызылжарда автобус жүргізушісі жолаушыларды мас күйінде тасыған. Шабандоздың ішімдікке тойып алғанын жолаушылар анықтапты. Тұрғындардың күдігін кейіннен полиция қызметкерлері де растады. Аймақтағы тілшіміз Абзал Құрманкин жалғастырады.

Жолаушылар автобус жүргізушісінің әрекетінен төбе шашы тік тұрғанын айтады. Қоғамдық көлік жан-жаққа шайқалып, сан мәрте жол ережесін бұзыпты. Күдіктенген тұрғындар полицияға хабарласқа.

ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Мен әлгінде 31 бағыттағы автобуспен келдім. Жүргізуші масайып алған сияқты, әзер отыр. Ішімдіктің иісі аңқып тұр. 20 шақырым жылдамдықтан асырмай жүріп келді. Тексерсеңіз дұрыс болар еді.

Абырой болғанда, бұл жолы жолаушылар апаттан аман қалды. Қоғамдық көлікті 54 жасар тәжірибелі жүргізуші басқарғаны белгілі болды.

Оксана ПОПОВА, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫ ШТАБЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:
 
Автобус Мүсірепов пен Мұхаммед-Рақым көшелерінің қиылысында тоқтатылды. Медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес жүргізушінің мас болғаны расталды. Әкімшілік кодексінің 608 бабына сәйкес іс қозғалды. Енді бұл азамат уақытша оқшаулау абақтысына 15 тәулікке тоғытылып, 7 жылға жүргізу куәлігінен айырылуы мүмкін.

Абзал ҚҰРМАНКИН, ТІЛШІ:
 
Бұл жыл басынан бастап автобусты мас күйінде тізгіндеген алғашқы жүргізуші болып шықты. Жалпы, биыл ішімдікті сылқитқан 300ден астам көлік иелері ұсталған. Айта кету керек, өткен жылдары Қызылжарда жұмыс орнында есірткіні тұтынған қоғамдық көлік жүршізушілері де кездескен болатын. Бірақ көптеген рейд шараларының нәтижесінде мұндай әрекеттер соңғы кезде бәсеңдеген көрінеді.


А. Құрманкин