Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Павлодарда кемтар балаларды төсекке таңып, ұрып соққан педагогтар сотталды

AstanaTV
01.06.2020ж. 20:00
2762
Павлодарда кемтар балаларды төсекке таңып, ұрып соққан педагогтар сотталды

Павлодарда психикалық ауытқуы балаларды төсекке таңып, ұрып соққан орталық қызметкерлері сотталды. "Балаларға жәбір көрсетті", деген айып жиыны 18 педагогқа тағылған. Оның төртеуі бас бостандығынан айырылса біреуінің ісі сотта қаралып жатыр. Қалған 13 қызметкердің ісі тергеу үстінде. Еске слаа кетейін: бұл жантүршігерлік оқиға жыл басында тіркелген. Павлодардағы психоневрологиялық балалар орталығы қызметкерлері кемтар балаларға жәбір көрсеткені туралы видео ғаламтор арқылы тарап көпшіліктің қызу талқсына түскен еді. Кейбір балалар төсекте байлаулы қалпы таң атқанша жатқаны белгілі болды.

Асхат КОҚЫМБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАНЫҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:

Мекемені тексере келе балалардың төсекке таңылғанын анықтадық. Онымен қоймай, оларды ұрып соққан. Содан балалар түн бойы төсекте  байлаулы қалған. Мекеме қызметкерлері оларды шешуді ұмытып кетіпті.

   
Балаларға зорлық-зомбылық көрсету Павлодар облысында азаймай отыр. Жыл басынан бері осыған ұқсас 22 оқиға тіркеліпті. Арасында балаларға сексуалды сипатта күш қолдану  жағдайлар да бар.  Жаға ұстатарлық жағдайға байланысты  «Nur Otan» партиясы партиялық бақылау комиссиясы шұғыл  отырыс өткізіп,  жұмысына салғырт қараған басшыларды  тәртіптік жазаға тартты.

Олег КОСТЕНКО,  «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ПОФ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:


Жұмысына жауапсыз қызметкерлерді партиялық жауапгершілікке тарттық. Жасаған қылмысына қарай партия қатарынан шығарып, қатаң сөгіс бердік. Орталық басшысын мен осы салаға жауапты маманға тиісті шара қолданылды.

З. Санай