$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ұлттық қауіпсіздік комитеті лаңкестік шабуылдарға қарсы теңіз-көлдерде штабтар құрады

AstanaTV
29.09.2017ж. 20:00
3561
Ұлттық қауіпсіздік комитеті лаңкестік шабуылдарға қарсы теңіз-көлдерде штабтар құрады

Ұлттық қауіпсіздік комитеті лаңкестік шабуылдарға қарсы теңіз-көлдерде штабтар құра бастайды. Бұл туралы комитет төрағасының орынбасары Дәулет Ерғожин мәлімдеді. Ведомствоаралық комиссия отырысында "Терроризмге қарсы заңға" енетін өзгерістер айтылды. Бұған дейін судағы қауіпсіздікті шекара қызметі қадағалаған. Енді заң жүзінде штаб бастығын бекітіп, лаңкестік қауіп төнген жағдайда, оған шешім қабылдау мүмкіндігін бермек.

Айта кетейік, Батыста мұнай өндірісі сияқты стратегиялық нысандар суда орналасқан. Заң жобасы қараша айында Парламентке түседі. Теңіз-көлдердегі антитеррорлық штабтар көрші Ресейде, АҚШ-та жұмыс істейді.

Дәулет Ерғожин, ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары:

Суда антитеррорлық іс-шаралар жүргізуді заңмен бекітуді көздейміз. Шекара қызметі немесе ҰҚК департамент өкілдеріне теңіздердегі нысандарда лаңкестікке қарсы іс-әрекет етуге құзыр берілуі керек.